Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ АҚШАСЫН ТАРТУҒА РҰҚСАТ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ҮШ ТӘСІЛМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

«ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ АҚШАСЫН ТАРТУҒА РҰҚСАТ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ҮШ ТӘСІЛМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Қазіргі уақытта үлестік құрылысқа қатысу қоғамдағы ең маңызды мәселе екендігін хабарлаймыз.
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 2 сәуірдегі №178 бұйрығына сәйкес, «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес үлескерлердің қаражатын тарту «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес үш тәсілмен жүзеге асырылады:
1) бірыңғай оператордың кепілдігін алу; (Астана қ.)
2) Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын орнатқаннан кейін (ЖАО-ға рұқсат беру).
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның 6-бабына сәйкес басқарма тарапынан тұрақты негізде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінің құрылысына мониторинг жүргізеді.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан әлеуметтік желілерде БАҚ-та үлескерлердің ақшасын заңсыз тартудың алдын алу бойынша тұрақты түрде ақпараттық жұмыстары жүргізіледі.
Осыған қоса, бектілген іс-шаралар Шымкент қаласының прокуратурасымен тығыз байланыста екендігін және қатаң бақылауында атқарылып жатқандығын атап өту керек деп санаймыз.
Қазіргі таңда жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын заңда белгіленген талаптарды бұза отырып тартуға тыйым салынады.
Құрылыс үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөнінде осы Заңның талаптарын бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз деп көрсетілген.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Пікір жазу