Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (әрі қарай – КҚГҚ) табиғи ошақтары орналасқан.
Ағымдағы жылдың эпидемиялық маусымы басталғаннан бері бүгінгі таңда Шымкент қаласында КҚГҚ ауруына күдікті жағдай тіркелмеді.
Табиғи ошақтардың болуының негізгі себебі – бұл аймақта иксодты кенелердің мекендеуі. Кенелердің табиғатқа жаппай шығуы әдетте наурыз-сәуір айларының басында басталады, олардың шағуынан зардап шеккендердің ең көп саны мамыр-маусым айларында тіркеледі. КҚГҚ ауруының алдын алу үшін кене шаққан жағдайда, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет. Жыл басынан кене шағу дерегімен медициналық көмекке жүгінгендер саны 232 жағдайға жетті (2022 ж. осы мезгілінде – 314 жағдай).
Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодексінің 107 бабының 1 тармағында «Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті» деп көрсетілген.
Яғни, әрбір жеке меншік қожалықта КҚГҚ ауруының алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін қала аумағында қора-жайлары бар елді-мекен тұрғындары үйіне іргелес қораларда механикалық тазарту, қоқыстарын шығару жұмыстарын және кене анықталған қораларда шұғыл түрде тұрғындар өз қаражаты есебінен құзырлы мекемелер күшімен дезинсекция жүргізуі міндетті.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыспен жыл басынан КҚГҚ бойынша қолайсыз елді-мекендерде санитариялық-қорғау аймақтар мен буферлік аймақтар, мал қоралары кенеге қарсы залалсыздандырылады. Ағымдағы жылы санитарлық қорғау аймағын құру мақсатында ҚР ДСМ «ҰСО» ШЖҚ РМК-ның Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы тарапынан кенеге қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстары 17.04.-19.04.2023ж. аралығында жүргізілді.
Үйге іргелес қора-жайларда, елді-мекендерде кенеге қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстары қалалық ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының тарапынан «Энзоотиялық» аурулардың алдын алу мақсатында аталған жұмыстар 19.04.-31.05.2023ж. аралығында кенелердің көбеюінің және адамдар арасында КҚГҚ ауруының тіркелуінің алдын алу үшін кенеге қарсы залалсыздандыру жүргізілуде. Сондай-ақ, кенеге қарсы дезинсекция жұмыстары тамыз айында ІІ кезеңмен қайта жүргізіледі.
КҚГҚ ауруының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аумақтық басқармаларының мамандарымен тұрақты түрде санитариялық-ағарту және халық арасында түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Пікір жазу