Шымкент қаласында модернизациядан кейін зағиптар кітапханасының оқырмандар саны 33%-ға артты, деп хабарлайды didarbek.kz.
Модернизация кітапсүйер қауымға мол мүмкіндік сыйлады десек болады. Конференция залында түрлі форматтағы көлемді іс шаралар ұйымдастырылса, қазақша нүктелі-бедерлі шрифт авторы Ақан Қасымов атындағы және тұңғыш бедерлі шрифт авторы Л.Брайль атындағы зал зағип жандардың кітап оқуына бейімделген. Көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандар қажеттіліктеріне қарай, өздеріне ұнаған қызықты тарихи, психологиялық, мотивациялық, әдеби кітаптары жиі сұраныста. Кітаптарды SARA, Oрtelec деп аталатын арнайы зағиптарға арналған оқу машинкаларымен оқиды.
Сонымен қатар, бүкіл дүние жүзіндегі зағип азаматтар қолданатын Брайльша бедерлі нүктелі кітаптарды оқып және де дыбыстылған аудио форматтағы кітаптарды тыңдай алады. Қазіргі таңда арнайы кітапханадағы кітап қоры 140376 дананы құрайды. Негізгі кітап қоры бедерлі – нүктелі әріпті, жазық баспалы, дискіде, нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріптер жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі – графиялық құралдар. Оның ішінде дәл осы кітапханада 2003 жылдан бері дыбысталып келе жатқан аудиокітаптар саны 5000-нан астам. кейін кітапхананың оқырман саны бұрыңғы оқырман санынан 33 пайызға артқан. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы орталықтандырылған кітапхана қорында балалар әдебиеті 390 мыңнан асады. Кітапхана мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге, 1-9 сынып оқушыларына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге, жылына жалпы 392 мыңдан астам келушіге қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ашылған «Ақерке» балалар залы да бүлдіршіндерді кітап оқуға ынталандыруда. Залда жылына оқырмандарға 765 мың данадан аса кітап берілуде. Оқу залына соңғы 3 жыл көлемінде 18 593 дана жаңа кітаптар қорға алынған. Кітапханалардың кітап қорлары көркем шығармалармен, мектеп бағдарламасына қосымша балаларға арналған анықтамалық әдебиеттермен, танымдық, сала жанрлары бойынша балалар әдебиеттері мен қиял-ғажайып, шытырман оқиғалар, ертегілермен толықтырылған. Балаларға қызмет көрсететін қалалық кітапханалардағы кітап қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша отандық, шетелдік ақын-жазушылардың әдебиеттерімен толықтырылады. Оның басым бөлігі көркем әдебиеттер болса, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға оқырман сұранысына орай танымдық кітаптар алынады.