Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰЛТТЫҚ ЖОБА ҚОЛДАНЫСТА

ҰЛТТЫҚ ЖОБА ҚОЛДАНЫСТА

«Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дәл осылай деген болатын.
Ел экономикасының драйвері ауыл шаруашылығын дамыту үшін аудан әкімдері әрбір аудандағы қолданылмай жатқан егістік жерлерді қолданысқа енгізіп, суармалы жерлердің көлемін арттыру, қарқынды бау шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуды басты назарға алу қажеттігі көптен бері айтылып келеді. Ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетіліп келеді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба еңбек өнімділігін екі жарым есеге арттыру жолымен бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенді құруға, агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын 2 есеге ұлғайту және отандық өндірісті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобаны іске асыру барысында ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған бір адамға еңбек өнімділігін 6,2 млн. теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қайта өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, АӨК өнімдері экспортының $6,6 млрд. дейін өсуі; ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын 2019 жылғы 115,4 мың теңгеден 2025 жылы 230,8 мың теңгеге дейін арттыру; 1 млн. ауыл тұрғындарының табысын ұлғайту; экожүйеге 350 млн. ауыл тұрғынының табысын ұлғайта отырып, 1 мың фермер және үй шаруашылықтарын тарту; ауыл шаруашылығында 500 мың адамға дейін жұмыспен қамтамасыз ету, оның ішінде 100 мың тұрақты жұмыс орнын, 400 мың маусымдық жұмыс орнын құру, азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етуді 80% -дан астам деңгейде арттыру көзделген.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша 2023 жылдың төрт айында ауданның ауыл шаруашылығы саласында 26,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (2022 жылдың ұқсас кезеңі — 22,5 млрд. теңге). Ауданның облыстағы үлесі 16,3% құрайды, бұл облыстағы бірінші көрсеткіш болып табылады. Нақты көлемдік индекс 104,7% -ды құрайды.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 52,8 мың гектар жерге егілді. Атап айтқанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 17,9 мың, майлы дақылдар 8,0 мың, жемшөп дақылдары 16,2 мың, картоп 4,3 мың, көкөніс 6,1 мың гектарды құрайды.
Жыл сайын жылыжай алқаптары ұлғайып келеді, бүгінде ауданда жылыжай шаруашылықтарының көлемі 60,9 гектарға жетті, оның ішінде өндірістік жылыжайлар — 35,67 гектар.
Агротехника нормаларын сақтауға көп көңіл бөлінеді. Жалпы аудан бойынша 536,5 гектар жер қарқынды өңдеумен қамтылған.
2023 жылдың 4 айында ауданның мал шаруашылығында ірі қара мал саны 269,6 мың басқа жетті. Олардың ішінде 64,1 мың сиыр, 182,2 мың қой мен ешкі, 80,9 мың жылқы, 169,9 мың құс бар. Жалпы осы сала тірі салмақта 12,4 мың тонна ет өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,3 пайызды, сиыр сүті — 50,5 мың тоннаны (104,4 пайыз), жұмыртқа — 5,8 миллион дананы құрады.
Ағымдағы жылдың төрт айында барлығы 6,5 мың тонна ет, оның ішінде 4,2 мың тонна ірі қара малдың еті және 2,3 мың тонна қой еті экспортталды.
Ауданда көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 2990 тонна жанармайды «Майсс» ЖШС және «MTS XXI» ЖШС арқылы бөлінді. Оның ішінде ақпанға – 780 тонна, наурызға – 780 тонна, сәуірге – 910 тонна, мамырға – 520 тонна. Бүгінгі таңда, ақпан, наурыз және сәуір айларына бөлінген 2470 тонна жанармайдың 1904 тоннасы агроқұрылымдар тарапынан алынды. Жанармайдың бағасы еркін саудада 295 теңге болса агроқұрылымдарға берілетін жеңілдетілген жанармайдың бағасы 203 теңгені құрайды.
Аудандағы суармалы жерлерді 53 канал ағын сумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 47 коммуналдық меншікте, 6 жеке меншікте. Қазірге дейін жалпы ұзындығы 22,1 шақырымды құрайтын Көлкент (Анарарық-6 шақырым), Манкент (Соқақ-2,5 шақырым), Қайнарбұлақ (ішкі арықтар-3,5 шақырым), Қарамұрт (Қыдыр-5 шақырым), Ақбұлақ (Күшік-1,8 шақырым), Қарасу (ішкі арықтар-0,8 шақырым), Құтарыс (Мұсабек-2,5 шақырым), Ақсукент (Көтерме-2,5 шақырым) ауылдарындағы каналдар мен арықтарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда, Қарамұрт ауылдық округіндегі Олжалы каналының 5 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылдың 20 ақпанынан бастап минералды тыңайтқыштардың 50%-ын субсидиялау бағдарламасы «Госагро» субсидиялаудың автоматтық жүйесі арқылы өтінім қабылдануда.
Ауданда «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы кеңінен іске асырылуда. Биылғы жылы аталған жобаны 337,4 гектарға жүзеге асыру жұмыстары жоспарлануда.

Пікір жазу