Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық даму барысы жылдан-жылға артып, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, инвестиция тарту және басқа да маңызды салалар бағытында жұмыстар атқарылуда. Сайрам ауданы қаржы бөлімі басшысының орынбасары Айжан Кембаеваың мәліметіне сәйкес, өткен жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 241,2 млрд теңгені құрап, өсім 36 млрд. теңгеге жетті. Агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамуда, соңғы 3 жылда 1,2 есеге артық өнім өндірілген. Ал, 2022 жылы 124 млрд. теңгеден астам өнім өндіріліп, 2021 жылға қарағанда 3,0 млрд. теңгеге артық өнім алынған. Облыс көлемінде аудан үлесі 12,0%-ды құрап, 1-орында.
Жаңадан 103,3 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі ендірілсе, 10,4 гектар жерге жылыжайлар салынып, 35 гектар жерге қарқынды бау егілді.
2022 жылы егіс көлемі 52,8 мың гектарға жетті. «Бір жерден бір жылда екі рет өнім алу» жобасы бойынша көрсеткіш 306,2 гектарға жетті. Барлық шаруашылықтарда ет өндірісі мен сүт өндірісі артты.
2022 жылы агроөнеркәсіп кешенінде жалпы 75 жұмыс орнымен қамтылған 2,7 млрд. теңгелік 4 жоба іске қосылды:
— Жібек жолы ауылдық округінде жеке кәсіпкер Урунбеков «Жібек жолы»- диірмені (құны — 370,0 млн.теңге)мен өсімдік майын шығаратын цехті іске қосты (құны – 37,0 млн.теңге);
— Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Юг Фуд» ЖШС-і– сүт өңдейтін зауыт («Юг Фуд» сауда маркасымен ірімшік,құны – 100,0 млн. теңге)іске қосылды;
— Ақсукент ауылдық округіндегі «ЗӘУРЕ» шаруа қожалығы – 6 гектар жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай жобасын (құны – 2,2 млрд. теңге) іске асырды.
Ауданымыз аграрлы аудандардың бірі,
мұнда жалпы өнімнің 53%-ы ауыл-шаруашылығы саласына тиесілі. Осы-ған орай, Түркістан қаласында өткен «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған» «ALTYN KUZ-2022» салтанатты мерекесінде ауданымыз агроөнеркәсіп кешенін дамыту көрсеткіштерін орындаудан облыс бойынша 1-орынды иеленді. Сонымен қатар, ет өнімдерін экспорттаудан, сүт өндіруден және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытудан озат аудан болып марапатталды.
Ауданның өндірістік күштерінің даму деңгейіне шешуші әсер ететін сала — бұл өнеркәсіп саласы. Аудандағы 68 кәсіпорында 57,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылға қарағанда 11,4 млрд. теңгегеартық өнім өндірілген, жоспар 132,0%-ға орындалды. Бұл көрсеткіштің облыстағы үлесі бойынша Сайрам 2-орында. Салада өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда, өндірілген өнімнің 85%-ын құрайды.
Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарының бірі — жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, сонымен қатар, кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау.
Ауданда жұмыс істеп тұрған кә-сіпкерлік субъектілердің саны 18,5 мыңға жуық. Салада 27 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып,161,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтер көрсетілген, 8,6 млрд. теңгеге салық түсті. Жалпы, көрсеткіштердің өсімі сақталды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен құны 5,6 млрд. теңгеге
6 жоба қаржыландырылды, облыс бойынша аудан алдыңғы орында.
Аудан экономикасына былтыр 39,5 млрд теңгеге инвестиция тартылса, оның 34,7 млрд.теңгесі немесе 88,0%-ы бюджеттік емес инвестиция.Бюджеттік емес инвестиция көлемінің өсу қарқыны сақталып, соңғы 3 жылда 1,6 есеге артқан.
Инвестиция тарту көрсеткішімен облыс көлемінде аудан 3 орында, үлесі 5,3%. Жалпы, тартылған инвестицияның жылдық жоспары 114,5%-ға артығымен орындалды.
2022 жылы аз қамтамасыз етілген 3491 отбасына 1151,7 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 2945 балаға 244,5 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.
Сонымен қатар, «Қамқорлық» бағ-
дарламасы аясында 77 отбасына де-меушілер тарапынан 52,9 млн теңге шамасында материалдық көмек көрсетілсе, 4 отбасына тұрғын үй берілді.
Сайрам ауданының экономикасын жаңғырту жағдайында жұмыспен қамту маңызды орын алады. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын іске асыру жоспарына» 2022 жылы 11666 адам тартылды. Оның ішінде 278 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 933 адам Жастар практикасына, 1824 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 224 адамға 274,4 млн теңге мемлекеттік грант берілді, «Бастау бизнес» жобасымен 2252 азамат кәсіпкерлік негіздерінің оқыту курстарын аяқтады. Жалпы, бағдарлама аясында 5737 азамат тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылып, жоспар 191 пайызға артығымен орындалды.
Сонымен қатар, Мемлекет бас-шысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасына сәйкес, 1160 жаңа жұмыс орнын ашу жос-парланса, 2074 жаңа жұмыс орны іс бастап, жоспар 178%-ға артығымен орындалды. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады.
Тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында 2022 жылы аудандық бюджет есебінен су құбырларының орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, су мұнаралары орнатылып, су ұңғымалары қазылды. Жібек жолы ауылындағы тозығы жеткен су құбырларын ауыстыруға жобалық құжат дайындалды. Ал, Қожақорған және Нұржанқорған, Қарабұлақ ауылдарын ауыз сумен қамту үшін әзірленетін желі құрылысының жобалық сметалық құжаттамасына қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен Көлкент ауылдық округіне қарасты Ақсуабад ауылында 32 гектар жерге ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 300 тұрғын тұрақты ауыз сумен қамтылды.
Табиғи газбен 42 елді мекеннің 32-сі қамтылған,қамту көрсеткіші 76,2%-ға жетті. Бұл көрсеткішті алдағы 2-3 жылда 100%-ға жеткізу үшін жұмыстар атқарылуда. Табиғи газбен қамтылмаған 6 елді мекеннің газ құбырларының құрылысына былтырғы Ұлттық қордан 1,4 млрд. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жалғастыруға биыл 1,1 млрд.теңге бөлінді.
Сонымен қатар, биыл 7 нысанға инженерлік-коммуникация желілерін (ауыз су, газ, жол, электр желісі) тартуға 848,4 млн. теңге көлемінде қаржы бағытталып, 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған, қалғандары өтпелі.
Аудан халқының демографиялық өсімі жоғары. Сондықтан да, халықтың өмір сүруіне қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің қажеттілігі жылдан-жылға артып жатыр. Дайын жобалық құжаттамаларды қаржыландыруға ұсы-нылды.
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында елді мекендерді дамыту мақсатында 2022 жылға 2 нысанның құрылысына Ұлттық қор есебінен 182,0 млн теңге қаржы бөлінген, атап айтқанда:
— Қасымбек датқа ауылындағы «Көмешбұлақ» мешітінің жанындағы Жаңа құрылыс көшелеріне трансформатор орнату, электр желілерінің құрылысын аяқтауға 82,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды.
— Ақбұлақ ауылындағы мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысын бастауға 100,0 млн. теңге қаржы қарастырылды (конкурстық құны 208,4 млн. теңге).
Биыл да «Ауыл — Ел бесігі» жобасы жалғасын табады.
С.СӘУЛЕБАЙҚЫЗЫ.