Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес Түркістан облысы білім басқармасының «Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернаты» базасында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.
Семинарға республикамыздың 17 облысынан шағын жинақты мектептердің ұстаздары, басшылары, білім басқармалары мен әдістемелік орталық мамандары, барлығы 50 педагог, Түркістан облысынан 90 педагог қатысты.
Семинарға қатысушыларға мамандандырылған мектеп-интернат мұғалімдері мен шағын жинақты ауыл мектептерінің ұстаздарының бірлескен әдістемелік сабақтары, білікті мамандардың заманауи педагогикалық, инновациялық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, білім беру құзыреттілігін, қарым-қатынас жасау және сабақ барысында сыныпты басқару әдістері бойынша шеберлік сыныптары, сондай-ақ ауыл мектептерін дамыту мәселелері бойынша педагогикалық алаңдарда тәжірибе алмасу жұмыстары ұсынылды.
Түркістан облысы бойынша 100 ден аса шалғайда жатқан шағын жинақты мектептер бар. Қала мектептері мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығын жою мақсатында осыдан тура 2 жыл бұрын Сарыағаш және Келес өңірлеріндегі 7 мектеп №4 дарын мамандандырылған мектеп интернатыменен келісім-шарт түзген тұғын. Мінекей, сол сәттен бастап Сарыағаш және Келес аудандарындағы ШЖМ білім сапасы едәуір көтеріліп, ұстаздардың тәжірибелері артып, жаңашылдыққа бейімделуде. Десе де олардың біліктілігін әрмен қарай дамыту керек деген филология ғылымдарының докторы Алмагүл Наурызбайқызы осы сынды шараларды басқа облыстарда да өткізуді қолға алуымыз керек дегенді жеткізді.
Сондай-ақ алқалы семинарға қатысушылар арнайы көрмелер мен, оқушылардың тыңнан түрен салып, өз қолдарымен жасаған дүниелерімен танысты. Жаңашылдыққа бет бұрған оқушылардың бірі жер сілкінісіне төтеп беретін көпқабатты тұрғын-үйлердің макетін құрастырса, енді бірі заманауи жылыжай жобасын жасап шыққан. Дарын Республикалық ғылыми практикалық орталығы педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімінің басшысы
Каркулова Айгүл Әкімкерейқызы «Дарын» орталығы мамандандырылған білім беру ұйымдарына ауыл мектептерін бекітіп, «КӨМЕКTІМЕЅ» тәлімгерлік жобасын жүзеге асырылуда екенін айтты. Аталған жобаның мақсаты-мектептердің білім сапасын арттыру бойынша міндеттерді кешенді шешуде ауыл мұғалімдеріне практикалық көмек көрсету.
Жоба барысында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің қажеттілігін айқындау үшін жоспар құрылып, міндеттер жүктелді.
Дарынды оқушылардың зерттеу жобалары мен педагогтардың әдістемелік, шығармашылық идеялары мен мектептердің жетістіктерінің көрмесі ұсынылды.
Саялы Сарыағаштың туристік жерлерін аралап, «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблінің өнерін тамашалады.
Білім білгеніңмен бөлісу арқылы мұнымен адамның тәжірибесі де арта түседі демекші, елдің түкпір-түкіпірнен жиналған ұстаздар, бірінші күні Дарын мектебімен меморандумға отырған ШЖМ ұстаздардың сабақтарына қатысып, өз бағасын беріп, пікір алмасты. Екінші күні таныстырылым, өнер және марапаттау салтанаты болды.
Атап өтейік, семинардың негізгі мақсаты мамандандырылған мектеп тәжірибесі негізінде серіктес шағын жинақты білім мекемелерінде білім сапасын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдермен алмасу және мектептерде оку-тәрбие процесін жетілдіруге, әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Семинардың екінші күні Келес ауданы мәдениет сарайында Келес, Сарыағаш білім бөліміне қарасты шағын жинақтық мектептердің таныстырылымы ұсынылып, ұстаздар мен шәкірттердің шығармашылық идеялары, өнерлері, бірлескен зерттеу жобалары таныстырылды.
Пленарлық бөлімде «Дарын» РҒПО «Педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет» бөлімінің басшысы Каркулова Айгүл Әкімгерейқызы қорытындылап, қатысушыларға «Дарын» РҒПО сертификатын, семинар ұйымдастырушы педагогтар мен жоба жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етті.