Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ: ӘРЕКЕТКЕ-БЕРЕКЕТ

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ: ӘРЕКЕТКЕ-БЕРЕКЕТ

Жастардың оқу бітіре сала жұмыс іздейтіні белгілі. Бірақ тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жасқа жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Ол – жастар практикасы. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектің бірі.

Қалықұл Аийда Абдиқұлқызы 2019 жылы «Балдыберек» мектебін алтын белгіге бітірген. Мектепте белсенді оқушы болған, іс-шаралар, олимпиадаларға атсалысып қатысқан.2019-2023 жылдар аралығында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде оқыған. Жоғарғы оқу орнынан қызыл диплом алып шыққан. Мамандық иесі Төлеби аудандық Мансап орталығына жүгінген. Мансап орталығының мамандары «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша «Мейір-Бейс» мектебіне жолданған.Қазіргі таңда аталмыш мектептің ұлағатты ұстаздарынан білмегенін үйреніп, тәжірибе жинап жатыр. Өзінен кіші өскелең ұрпақтың тәрбиесіне зор үлес қосуда.

Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бірақ жұмысы ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді.

Ал жастарға кеңес мынау. Практикаға қабылданып, жұмыс берушіге жолдама алған жас түлек өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиіс. Жұмыс берушіге жауапкершілігі мен ынтасын, талабын таныта алса, жаңа қызметке ие болмақ. Жастар практикасына қабылданған жас 6 ай бойы практикада болады. Одан аз да, кем де емес. Осы уақыт арасында нәтиже шығарғаны жөн. Жұмысқа келген жасты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сілтейді.

Кім қатыса алады?
-35 жастан аспауға тиіс;
-жұмыссыз ретінде тіркелу;
-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) ЖОО кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеніне 5 жыл болмау;
-меңгерген кәсіп (мамандық) бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы.

Бұған мектеп пен колледж бітірген жастар да қатыса алады.

Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бірақ жұмысы ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді.

Ал жастарға кеңес мынау. Практикаға қабылданып, жұмыс берушіге жолдама алған жас түлек өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиіс. Жұмыс берушіге жауапкершілігі мен ынтасын, талабын таныта алса, жаңа қызметке ие болмақ. Жастар практикасына қабылданған жас 6 ай бойы практикада болады. Одан аз да, кем де емес. Осы уақыт арасында нәтиже шығарғаны жөн. Жұмысқа келген жасты арнайы тәлімгер үйретіп, жөн сілтейді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, жастар практикасына қалған азаматтардың жартысы тұрақты жұмысқа орналасып қалады екен.

Ал орналаса алмағандарға жұмыспен қамту орталығы басқа бір мүмкіндіктерді қарастырып көреді. Мәселен басқа мекемеге жіберу немесе Enbek электронды биржасына өтініш беру. Одан бөлек, шағын кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант алу сынды мемлекеттік көмек түрлері бар.

Қалай қатысамын?

Жастар практикасына қатысқысы келген азамат Жұмыспен қамту орталығына барып тіркеліп, өтініш береді. Орталық мамандары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді.

Ол үшін мына құжаттар қажет:

— жеке куәлік (көшірмесі)

— еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса)

— техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және  жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Жұмыс қандай?

Бұл әр өңірде әртүрлі. Мемлекеттік қызметтен бастап жекеменшік компаниялар мен зауыттарға дейін – бәрі бар. Бағыты мен мамандыққа байланысты. Жастар практикасына келген азаматтың өзі де қай мекемеде тағлымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады. Жастар практикасымен жұмысқа қабылдағысы келетін кәсіпорындар көп.

Еңбекақы қанша?

Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы 30 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен төленеді. Бұл – мемлекет тарапынан берілетін жалақы. Зейнетақысы мен сақтандыруы жүреді. Егер жұмыс беруші бөлек еңбекақы төлеймін десе, оған да жол ашық.

Қоғамдық жұмыс

Жастар практикасының құрамында қоғамдық жұмысқа тарту бағыты бар. Бұған мектеп пен колледжді енді бітірген түлектер қатыса алады. Ол үшін кәсіптік білім алу, курс оқудың қажеті жоқ. Қоғамдық жұмысқа тарту 12 мерзімге уақытша жұмыспен қамтуды көздейді.

Жұмыс өтілін көбейту

Жастар практикасына еңбек өтілін жинағысы келгендерге тағы бір мүмкіндік бар. Ол – «Бірінші жұмыс орны» бағдарламасы. Яғни, азаматтың өзі таңдаған мекемесінде екінші рет тағы жұмыс тәжірибесінен өтіп, еңбек өтілін көбейте алады.  Алғашқы жұмыс орны – бұл 35 жастан аспаған жастар үшін бірінші жұмыс орнында кәсіби білім мен дағдыларды беру.

Бірінші жұмыс орнындағыжұмыс ұзақтығы 18 айдан аспайды,аяқталғаннан кейін қатысушыға кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі.

Жалақыкемінде 30 айлық есептік көрсеткішті(АЕК) құрайды. Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

Өз тәжірибесін жинап, мамандығы бойынша жұмысқа орналасамын деген, оқу орнын аяқтаған жастарды әлі де жастар практикасына шақырамыз!

 

 

Пікір жазу