Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ПРЕЗИДЕНТ: ҒЫЛЫМ МЫҚТЫ БОЛСА, МЕМЛЕКЕТТЕ ДЕ ҚУАТТЫ БОЛАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ: ҒЫЛЫМ МЫҚТЫ БОЛСА, МЕМЛЕКЕТТЕ ДЕ ҚУАТТЫ БОЛАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысын өткізді. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды.
Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.
Қазіргі таңда заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейімделуіміз керек. Әйтпесе өркениет даңғылынан қалып қоюымыз мүмкін. Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу. Бұл мақсат, әрине, өте күрделі. Дегенмен, ғылыми жетістіктерге жету қазіргі кездің басты талабы болып тұр.
Жалпы, аталмыш кеңес Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі бойынша Қазақстанда ғылымның заманауи моделін қалыптастырудағы алғашқы қадамдардың бірі ретінде құрылды. Ел басшылығындағы осындай жоғары консультативтік-кеңесші орган үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, мысалы мұндай ұйымдар АҚШ, Франция, Сингапур және басқа елдерде бар. Негізгі міндет — елдегі ғылымды дамытудың басымдықтарын айқындау, сондай-ақ Мемлекет басшысының ғылыми қоғамдастықпен тікелей байланыс арнасын қалыптастыру. Сонымен бірге, қазір «Ғылым мен технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқылану үстінде.
Осыған орай, бүгінгі өткен кеңесте Президент отандық ғылымды дамытудың бес бағыты бойынша Үкіметке бірнеше тапсырмалар берді.
Кеңесте тағы бір маңызды қадам жиында айтылған шетелдік ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жүрген ғалымдарымызды елге қайтару туралы ұсынысты қолдайтынын айтты. Мемлекет елге оралып, ұлтқа қызмет мақсатында зерттеу жүргізуге дайын ғалымдарға барлық қажетті қаржылық-ұйымдастырушылық көмек беруге дайын екендігін де жеткізді.
Өйткені, елімзде ғылым саласындағы білікті кадр тапшылығын шешу, отандық ғылымның әлеуетін көтеру өте маңызды шешім болып тұр. Сондықтан, Қ.Тоқаев озық ойлы ғалымдарды тарту бағытындағы әлемдік тәжірибені терең зерттеп, кәсібилігі жоғары шетелдік мамандарды ел игілігіне жұмыс істетудің барлық мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
Себебі, Президент «Ғалымдар отанымыздың ғылыми-техникалық даму көшін бастауы керек. Себебі, ғылым мықты болса, мемлекетте қуатты болады»-деді.

 

© Didarbek.kz

Пікір жазу