12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында «Бүгін – қазақтаннан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтпаевтың туғанына тура 125 жыл. Президент Қаныш Сәтбаевты «қазақ ғылымының атасы» деп атап, оның мерейтойын атап өту елімізде «білім-ғылым культын қалыптастыруға жасалған қадам» екенін баса айтты. «Еліміз Сәтбаев салған сара жолды жалғастыруы керек» деді Президент.
Жалпы, ғылым – экономикадағы барлық саланың қозғаушы күші. Бүгінде отандық ғалымдар ғылым саласында табысты еңбек етіп, адамзат игілігі үшін қызмет етіп келеді.
Дегенмен ұлттық кеңесте 90-жылдары 40 мың ғалым тұрмыс ауыртпашылығы кесірінен ғылымнан қол үзген. Қ.Тоқаев елдегі ғылымның әлеуетін көтеру керектігін баса айтты. Соңғы жылдары мемлекет ғылымға көп көңіл бөле бастады. Нақтырақ айтар болсақ, Президент жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуы, Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебенің берілуі, ғылым саласына үш жылда 625 миллиард теңге бөлу туралы былтыр қабылданған шешім деуге болады. Сондай-ақ, ғалымдар жалақысының екі есе көбеюі, аймақтарда шетелдің жетекші университеттерінің филиалдарының ашылуы сияқты шешімдер де нақты қадамдардың бірі. Сонымен бірге, қазір кезде «Ғылым мен технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқылану үстінде. Президенттің айтуынша, бұл – отандық ғылымды қолдаудың басы ғана.
Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сонымен бірге Президент ғылымға деген қамқорлықты артып, барлық салаға инновациялық тәсілдер енгізу үшін қолайлы жағдай жасалатына уәде берді. «Ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады» деді Президент. Себебі ғылым өркендесе, экономика да өркендейді, халықтың әл-ауқаты артады.
© Didarbek.kz