Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ САЙЫН 15 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛУДА

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ САЙЫН 15 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛУДА

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы жұмыс пен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» баспасөз конференциясы өтті.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Ұлттық жобасы аясында қалаға 12 индикатор бекітіліп берілген, аталған көрсеткіштерге жету мақсатында бірқатар іс-шаралар биылғы жылы атқарылатын болады.
Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 27,5 мың га құраса биылғы жылы қалада егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың га жетіп, өнімділік 86,0 мың тоннаны құрайтын болады.
​Сонымен қатар, алдағы уақытта 8,5 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт және 160,0 млн дана жұмыртқа өндірілетін болады.
Бүгінгі күнде қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннға жуық өнім жиналуда. Осы бағытты дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен біргелесе І-кезеңде 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда. Нәтиже қаладағы жылыжай кешендері 239 га ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылып, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артатын болады.
​Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарының 30% субсидияланып, ал комуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. нан 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Бүгінгі таңда, тұрақтандыру қорының айналым механизмі аясында 8.7 млрд.теңге қарастырылды.
Сонымен қатар, қала аумағында 80 ге жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белігленген бағада сатылуда.
Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан 16 комиссия отырысы өтті.
Нәтижесінде 219 сауда субьектілерінің электрондық шот фактуралары зерттеліп, тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 128 кәсіпкерлік субьектіге ҚР ӘҚБтК 204-4 бабымен әкімшілк хаттамалар толтырылды.
Қала аумағындағы жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы 240 255 бас ауыл шаруашылығы жануарларына диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 1 422 815 бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жоспарлануда.
​Нәтижесінде 2024 жылы 40 000 бас қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, 15 000 бас агрессивті және емделмейтін аулармен ауыратын ит-мысықтар тыйым салынбаған препараттармен (эвтаназиямен) жансыздандыру және 25 000 бас қаңғыбас жануарларды кастрация-стерилизациялау жұмыстарын жүргізілетін болады.

Пікір жазу