Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Қараусыз қалған мал жол апатына ұрындырады

Қараусыз қалған мал жол апатына ұрындырады

Түркістан облысында жол бойында иесіз жүрген үй жануарларының автокөліктерге соқтығысу жайттары жиі кездеседі.
Қараусыз көше кезген малдың жол-көлік оқиғасына себепші болып жататынын жиі естиміз. Өкініштісі, иесінің салғырт­тығы­нан жол жағалап кеткен төрт тү­лік­тің көлікке соғылуы кейде адам шығынымен аяқталып жатады.
Мұндай сәттерде техниканы айтпағанда, автокөлікте отырған адамдар қатты зардап шегуі мүмкін. Яғни мал иелерінің өз мүлкіне немқұрайды қарауының соңы қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Одан бөлек бақылаусыз жайылып жүрген мал ұрылар үшін де оңай олжа болып табылады.
Мал ұрлығын болдырмау, сондай-ақ өңір аумағында қараусыз жүрген малдың салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында, Арыс ауданының полицейлері автожолдарға шығып кеткен малдарды жол жиегінен қуып, ауылдық елдімекендерде рейдтер жүргізуде.
Полицейлер мал жаю ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделгенін және мал жаю кезінде жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оның иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертеді.
Төрт түлік – ауылдағы ағайынның негізі күнкөрісі. Мал ұрлығының күннен-күнге көбейіп бара жатқанына назар аударған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Қа­зақстан Респуб­ликасының кейбір заңна­малық акті­леріне қылмыстық, қыл­мыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорға­луын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы заңға қол қойған болатын. Осы заңға сәйкес, Қылмыстық кодекс жаңа баппен (188-1), яғни мал ұрлау, бөтен­нің малын жасырын жымқыру қылмысымен толықтырылды. Бұл бап­қа сәйкес мал ұрлағандарға жаза қатаң­датылған. Өйткені бұған дейінгі жаза мал ұрлаушыларға тосқауыл бола алмағанын мойындауымыз керек.

Бұрын мал ұрлау қылмысы Қыл­мыстық кодекстің 188-бабы бойын­ша қаралатын. Бұл бап бойынша мал ұрлаған адам ұсталғанымен, қылмыстық жауаптылыққа тартылу кезінде мал иесіне келтірген залалды қайтарып жәбірленушімен татуласса, кодекстің 68-бабының талабына орай қылмыстық жауаптылықтан босатылатын. Яғни ұсталған ұрылардың көбі шығынның орнын толтырған соң жазадан құтылатын. Заңның осындай осал тұсын білген ұрылар жазадан қашқаннан кейін де бұрынғы әдетінен ажырамай, қайта ұсталғанша ауыл халқын қан қақсатып жүре беретін. Бұл ауылдағы ағайынның ашу-ыза­сын, құзырлы орындарға деген сенімсіздігін тудырғаны ақиқат. Жаңа өзгерістің қолданысқа енгізілуіне де халықтың базынасы түрткі болды.

Ендігі жерде 188-1 бабының 1-бө­лігі бойынша мал ұрлау орташа ауыр қылмысқа жатады. Мұндағы өзге­шелік, бірінші рет мал ұрлаған айып­ты жәбірленушімен татуласуына бай­­­ланысты Қылмыстық кодекс 68-бабының талаптарына сәйкес қыл­мыс­­тық жауаптылықтан босатылуы мүм­кін. Ал бірақ екінші рет мал ұрлаған кезде малдың иесіне шығынды қайтарып, жә­бір­ленушінің кешірімін алса да, татуласуына заң бойынша жол берілмейді.

Ал Қылмыстық кодекс 188-1 ба­бының 2, 3, 4-бөліктері бойынша мал ұрлау ауыр қылмыс қатарына жатады. Соған орай қылмыскердің мал иесі­мен татуласуына ешқандай жол беріл­мейді және ҚК 68-бабының талаптары қолданылмайды. ҚК 188-1 бабының 1-бөлігі бойынша мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқырғандар мүлкі тәркіленіп, үш мың АЕК дейiнгi мөлшерде айып­пұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұ­мыс­тарына, не бес жылға дейiнгі мер­зімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айы­руға жазаланады. Ал ұрлықты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса, ірi мөлшерде мал ұрланса – мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сондай-ақ ұрлықты бірнеше рет (тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiріп) жасағандар мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бос­тан­дығынан айыруға жазаланады. Бұл бап ұрылардың жәбірленушілермен татуласу арқылы жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеуге және ұр­лықтың алдын алуды күшейтуге мүм­кіндік береді.

 

Пікір жазу