Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет » Сауранда «Діни экстремизмнің зардаптары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сауранда «Діни экстремизмнің зардаптары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің мамандарымен «Діни экстремизмнің зардаптары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жалпы қоғамның дамуы мен тұрақтылығына сына қағатын экстремистік әрекеттерден сақтану мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Түсіндірме жұмыстары барысында, мамандардың, қызметкерлердің өзінің жеке көкейдегі сұрақтарына, нақты әрі дәлелді түрде жауап берілді, деп хабарлайды didarbek.kz.

Діни экстремизм мен радикализм – бұл жалпыға ортақ проблема Бұл проблемамен тек кейбір мемлекеттік органдар ғана жұмыс жасайды деп айтуға болмайды. Әрбір мемлекеттік орган өзінің функционалдық ерекшеліктерінің негізінде өз үлесін қосуы қажет.

Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың шамалы бөлігі болып табылатындығына қарамастан, олар қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының теріс реакциясын тудырады.

Қазіргі таңда, осы терроризм мен экстремизмнің көрінісі мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемдік өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастарымыз дәстүрлі емес діни ағымдардың қырларын білмегендіктен сол ұйымдарға бет бұрып кетеді.

Жастардың діни көзқарасы әлі де өзекті мәселе болып табылады және жүйелі талдауды қажет етеді. Әр түрлі себептермен дәстүрлі дінді жоққа шығаратын адамның көзқарастарына негізделген жастардың діни ізденісі ХХ ғасырдың жалпы көрінісін табады.

Жастар – біздің мемлекетіміздің болашағы, ол бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты қажет етеді. Жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, әсіресе,  дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды. Себебі, адамның жеке тұлға ретінде көбінесе жас жылдарында қалыптаса бастайды.

Діни көзқарастағы (деструктивті діни бағыттардың ықпалына түскен) кейбір жас азаматтар өздерін қоғам мен мемлкетке қарама-қарсы қойып, қазақ халқының рухани мәдениетіне және ұлттық дәстүрлеріне теріс көзқараспен қарайтын болды. Оларда тіпті зорлық-зомблық тәсілдерін қолданумен мемлекетіміздің саяси құрылымдағы зайырлы сипатын өзгертуге ықыластары пайда болуда. Бұл көріністер қоғамда жаңа саяси-әлеуметтік пішіндердің қалыптасуына себептес.

Жалпы, дін саласында мемлкетімізде көп жұмыстар атқарылып жатыр. Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ұйымдастырылған жұмыс өзінің нәтижесін беріп, ал оның тиімділігі бірлікпен бірте-бірте өседі.

Мемлкетіміздегі діни ахуалдың тұрақталуы туралы негізгі бағаны беретін – халық. Осы кезеңде жұмыстың стратегиялық жолмен таңдалған бағыттарын жалғастыру, іс-тәжірибені біртіндеп жақсарту маңызды. Енді біз конфессияаралық келісімге, жоғары мәдениетке және қоғамды тәрбиелеуге негізделген еліміздің рухани байлығын сақтау және одан әрі арттыру үшін бәрін жасауымыз керек.

Қазіргі таңда экстремизмнің экономикалық, экологиялық, ұлттық түрлерінің қатарынан діни экстремизм құбылысына ерекше назар аударылуда. Діни экстремизмді белгілі бір діни сенімдегі ұстанымның шектен шыққандығын, оның жеке және әлеуметтік топтардың дүниетанымы мен іс-әрекеттеріндегі көріністерін айтуға болады. Сонымен бірге, діни экстремизм қоғамда қалыптасқан дәстүрлі діни құндылықтарды жоққа шығарып, агрессивтік пиғылда өз дүниетанымын, ұстанымдарын басқаларға мойындату үшін әртүрлі күрес жолдарын таңдайтыны да белгілі. Күрес жолдары үгіт насихаттан бастап қорқыту, үрейлендіру, манипуляция, гипноз, және адам өліміне алып баратын шектен шыққан іс-әрекетке дейін болатыны белгілі.

Сонымен қатар, діни экстремизм экстремизмнің саяси, ұлттық және т.б. түрлері секілді радикалды топтардың діни, саяси немесе экономикалық салаларда басымдылықтарға ие болу жолындағы құралы ретінде қолданылады. Діни экстремизм клерикализм немесе діни фундаментализм құбылыстарымен жиі қабысып отырады, әсіресе діни фундаментализм діни экстремизм платформасы ретінде қолданыс табады. Сондай-ақ, діни экстремизм мәдениетаралық және ұлтаралық қатынастар саласында қолданылады. Бұл жағдайларда ол саяси немесе ұлттық экстремизмнің идеологиясы ретінде көрініс табады. Діни экстремизм экстремистік қимылдардың өзге түрлерімен тығыз байланыста болып олардың түрлі саяси мүдделеріне қол жеткізуде идеологиялық және ұйымдастырушылық қызмет атқарады.

Қазіргі таңда мемлекет, қоғам мен конфессиялар діни экстремизм көріністерінің пайда болуымен аталмыш қауіптерде өз бетінше қимыл атқаруда. Дінге сенушілер ортасындағы экстремизм көрінісі экстремизм ретінде емес, өзге діннің қауіпті үндеуі, прозелетизм, діни соғыс (егер бір конфессияның ішінде болса – секта) түрінде қабылданса, мемлекет пен қоғам үшін діни әлеумет ішіндегі деструктивті қимылдар немесе дін шеңберінен шығып, мемлекеттік және қоғамдық тұрақтылықты бұзатын діни агрессия радикализм немесе экстремизм ретінде қабылданады.

Нақты бір парадигмаға қатысты діни экстремизм құбылысы бар, сондықтан діни экстремизм эксперттік категория ретінде орынды деуге болады. Осы орайда, Ресей зерттеушісі А.П. Забияконың аталмыш құбылысқа берген анықтамасына тоқталып өткен жөн: «Діни экстремизм қалыптасқан салт-дәстүрлерге ымырасыздықпен бағдарланған діни идеология мен қимыл типі, ішкі діни ортадағы және сыртқы әлеуметтік ортадағы шиеленістің күшеюі.

Мақсаты тұрғысынан діни экстремизмнің екі негізгі типін көрсетуге болады ішкі конфессиялық бағдардағы және әлеуметтік бағдардағы. Бірінші тип өз мақсатын қалыптасқан діни ілімдерге, культтік тәжірибеге немесе діни институттарға қайшы қоюмен байланысты. Екінші типтегі діни экстремизм діни өзгерісті жеке тұлға мен қоғамды өзгертуге бағытталған діни күш ретінде қарастырады. Ішкі конфессиялық бағдардағы діни экстремизм діни және зайырлы билікпен қақтығысқа ұшырағанда әлеуметтік радикализация түрінде өзгеріске ұшырап, әлеуметтік қарсылық пен өзгеріске айналады.
Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін діни экстремизм қалыптасқан қоғамдық нормалардың шегінен шығатын әдістерді қолданады; құқықтық нигилизм, діни немесе зайырлы құрылымдар мен институттарды мойындамау.

Діни өмірдегі діни экстремизмнің салдары радикалды діни ағымды жою, немесе онымен мәмілеге келу арқылы өзгерген діннің пайда болуына, немесе діннің ыдырауы арқылы жаңа діни ағымның, сектаның пайда болуына әкелетін конфессия ішіндегі қайшылықтар болып табылады. Қоғамдық өмірде діни экстремизмнің салдары экстремистік топтардың қоғамды радикалды түрде өзгерту бағдарламасынан ерікті немесе қысым көрсете отырып бас тартуы немесе экстремистермен мәмілеге келу арқылы әлеуметтік реформалардың орын алуы, сирек жағдайларда қоғамның клерикалдануы болып табылады.

Діни экстремизм жаңашыл мен дәстүрлі мәдениеттердің қайшылыққа түсу көрінісі болуы да мүмкін. Тарихи шеңберде орын алған гуманизм, ағарту, рационализм секілді кезеңдерден соң архаикалық рухани және әлеумттік құрылымдар өзгеріп, олардың орнына дәстүрлі қоғам қағидаларына қайшы келетін құндылықтар қалыптасты. Осы тұста діни экстремизмнің пайда болуын дәстүрлі қоғам құндылықтарын сақтау тәсілі ретінде қарастыруға болатын секілді. Өйткені, қазіргі таңдағы адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау бірінші орынға қойылып, барынша қорғалатын қоғамды діни ілімдер мен қағидаттарын негізінде өзгерту әрине діни экстремизм ретінде бағаланатыны анық. Бірақ бұл жерде діни экстремизмді анықтап беретін негізгі діндер алдыңғы орынға шығады. Мысалы, қазақ даласында пайда болған діндердің барлығы бірдей нақты тарихи миссияны атқармады. Ал кейбір сенімдер мен діндер, тәңіршілдік пен ислам, әсіресе, соңғысы мәдениеттүзушілік басымдылыққа ие болып, қазақ халқының этностық қалыптасуы мен географиялық тіпті геосаяси айқындалуына ықпал еткені анық. Ислам ұлттық мәдениет пен дәстүрге сіңісіп, дәстүрлі ұстанымдарға айналды.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдегі діни саланы реттеу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан қазіргі таңда Мемлекет басшысының  жүргізіп жатқан сарабдал саясатының арқасында, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлесе үйлесімді жасап жатқан жұмыстардың нәтижесінде елдегі діни ахуалдың тұрақтылығы сақталып келеді. Ел  Президентінің нұсқамаларын орындау аясында террористік қатерлерді бейтараптандыруға арналған Қазақстанның жеке дербес жүйесі құрылды әрі ол жыл сайын жетілдірілу үстінде. Елімізде экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты біршама тәжірибе мен біліктілік базасы жинақталды. Ол ең алдымен алдын алу шараларын жүргізу, халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыру, түрлі радикалды идеологиялардың ықпалына төтеп беретін иммунитетті қалыптастыру жұмыстарынан тұрады. Бұл орайда дәстүрлі діни-рухани құндылықтардың ұлттың болашағын құруда ықпалды фактор екенін ұмытпауымыз қажет.Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, ойлары мен көзқарасы, дүниетанымы осы діннің құндылықтарымен сабақтаса қалыптасты.

Бүгінгі күннің бет алысына қарай мың құбылып, сабан астынан су жүгіртуді көздейтін деструктивті діни ағымдармен біз ымырасыз күресуге тиістіміз. Өйткені, деструктивті діни ағым өкілдері жоққа шығарғысы келген дәстүрлі құндылықтарымыз ұлтымыздың қаны мен жаны болып есептеледі. Ал, рухани құндылықтарсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Яғни, дәстүрлі құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтау заман талабы. Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана біз бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.

Жалпы айтқанда, бүгіндері дін біздің қоғамымыздың қозғаушы күшінің біріне айналып отыр. Мемлекет пен қоғамның жаңаруы, тұрақтылығы бүгін діни факторға тікелей байланысты екендігі белгілі. Дегенмен, дін туралы әңгіме бола қалса, біз жөн-жосықсыз ең алдымен «теріс ағымдағыларды» сөз етеміз. Бірақ, ел халқының сол теріс пиғылдағылар мен олардың амал-әрекеттеріне қарсылығы, ашу-ызасы, құрбандарға бауырмалдық кө­ңі­лі қоғам рухының мықтылығын көр­се­теді. Қазақы мұсылмандық наным-се­нім мен салафизмді сау организм мен оған жабысқан дертпен теңеуге болады.

Мем­лекетіміздің зайырлылық сипаты – әртүрлі діндегі барлық азаматтардың басын біріктіретін, ортақ ниеттестікке тәр­биелейтін саясаттанудың алдын алатын құн­дылық. Мәселе, тіпті мемлекет пен діни бірлестіктердің бөлінуінде емес, еркіндік пен өзара сыйластықта. Зайырлылық – дінді қорғаудың ма­ңызды кепілі, бірақ тек зайырлылық қана діни наным-сенім бостандығына ке­піл­дік бермейді. Толықтай зайырлылық сая­си режимге, демократияның үстем­д­і­гіне, мемлекеттік емес ұйымдардың бел­сенділігіне, идеологиялық плюрализм, тәу­елсіз сот, бір сөзбен айтқанда, азамат­тық қоғамның қалыптасуымен байланысты. Қоғамда «таза» діни немесе «таза» ұлттық мәселелер болмайды, олар эко­но­микалық, әлеуметтік, саяси және мә­дени проблемалармен астасып жатады. Мем­лекет ұлтаралық және діни ахуалды қа­лыптастыруда реттеуші және үйлес­ті­ру­­ші қызмет атқарады. Біздің мемлекет азаматтық келісімді орнату мен қоғамды тұрақтандыру үшін көп күш жұмсап келеді. Бірақ, діни ахуал үнемі даму және күрделену үстінде, ол діни бірлестіктердің де, мемлекет орган­да­ры­ның қызметін де сын көзбен саралауды, соның ішінде са­ла­физмнің себептерін анықтауды қажет ете­ді. Бір жағынан, саяси күштер дінді өз мүдделерін жүзеге асыруға пайдаланса, екінші жағынан, діни ұйымдар саяси ке­ңіс­тікте өздерінің саяси көзқарастарын, бағдарларын жақтау, қорғау үшін саяси амалдарға барады. Діни идеялар саяси өмірде елді тұрақтандырушы да, араз­дық, өшпенділік туғызушы да болуы мүмкін.

Діни экстремизм дiни өшпендiлiк пен алауыздықты, атап айтқанда зорлық-зомбылыққа үгіттеу арқылы халық арасындағы алауыздықты қоздырады, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануы мүмкін. Терроризм бұқаралық және саяси маңызды құбылыс ретінде қоғамда жекелеген топтардың мемлекеттің заңдылығы мен құқығына күмән келтіруімен және сол арқылы өздерінің мақсаттарына жету үшін террорды қолданатын қауіпті әрекеттерді ақтап алады. Терроризм – қазіргі жаһанданушы заман қатерлерінің бірі, ол өзінің формалары мен көріністерінің ауқымдылығы және жиілігінен, адамзатқа қарсылығы мен қаталдығы тұрғысынан әлемдік қауымдастық алдындағы түйткілді мәселеге айналды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында терроризм қатерінің өрши түсуі жағдайларындағы мемлекеттің қауіпсіздік ахуалы әлемнің дамыған елдердің бірі ретіндегі одан әрі дамуы мен қалыптасуы оның күші мен қабілеттігінің өлшемі болып белгіленді. Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістер ұлттық қауіпсіздік саласында неғұрлым түрлене бастаған және үлкен қауіптілік көздері тарапынан болатын сындар мен тәуекелдердің жаңа спектрін бастамашылдық етеді. Осымен діни экстремизм мен терроризм қатерлерінің жүйелі алдын алу аясындағы міндеттердің күрделілігі мен өзектілігі негізделген.

Осы жағдайларда қолданыстағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесі жеке адамды, қоғамды және мемлекетті экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қатерінен сенімді қорғау тетігін құру аясында одан әрі жетілдіруді қажет етеді. 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1-тармақшасының нұсқауымен үшінші бағдарламаның үшінші бесжылдығына қадам басты.  Бағдарламаны әзірлеу кезінде Норвегияның, Финляндияның, Канаданың, Америка Құрама Штаттары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің оң тәжірбиесі зерделенді және назарға алынды. Осы елдердің жасағандарын ескере отырып, Бағдарлама экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық көріністері мен терроризмге, радикалдық көзқарастардың ұстанушыларына мақсатты түрде қарсы тұруға бағытталған. Бағдарламада дін мен радикалдану теңестірілмейді, бұл мемлекеттің, қоғам мен діни бірлестіктердің дінге тиесілігіне қарамастан, экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимылда бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді. Адамдардың радикалдану дәрежесіне байланысты діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу түрлері мен әдістері жіктелді.

 

 

Пікір жазу