Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АТТЫ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АТТЫ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Түркістан облысы полиция департаментінің нұсқаулығына сәйкес, 24-27 маусым күндері Төлеби ауданы аумағында «Тұрмыстық зорлық зомбылыққа жол жоқ!» атты акциясы өтеді.

Мекен жайы: Төлеби ауданы Ленгір қаласы, Төлеби көшесі №142А «Үміт» үйі дағдарыс орталығы. Өтетін уақыты сағат 10:00-ден 18:00 аралығы. Акция барысында өздеріңізді толғандырған сұрақтар, мазалаған проблемалар болса, келіп, не болмаса телефон арқылы хабарласа аласыздар.
Байланыс телефондары: Төлеби АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны А.Боташева тел: 8-701-560-62-01, немесе 102 нөмірі, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы тел: 8-775-764-25-28 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.
Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтүге арналған шараларды таныстыру мақсатындағы акция барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуге бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы — әлеуметтік-экономикалық ҚР дамуына үлкен мағына берген, көптен күткен Жолдау болды.
“Еліміздегі демографиялық өсім- білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ, тіпті өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан, 5 жастан асқан балаларға арналған “Келешек” атты бірыңғай жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Адал азамат және толық тұлға қалыптастырудың негізі бала кезден қалыптасады. Жас ұрпақтың қауіпсіз және алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз.
Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез -келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті.
Өскелең ұрпақтың психикалық ахуалы өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институцианалды түрде күшейту қажет, бірыңғай сенім телефондарын ұйымдастыру жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керектігін ескертті. Біртұтас қоғамдық қасиет қалыптастыру үшін, мәдениетті, білімді, ғылымды дамытуға ұмтылуымыз қажет. Ол үшін-Абайдың “Толық адам” ілімінен бастау алатын тұжырымдаманы негізге алу керек.
Жолдау- Елімізді өркендету мен келешегіміздің жарқын болуының кепілі.

2024 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Оның басты мақсаты әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген әрекеті үшін жауапкершілікті күшейтуге, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бұған қоса, «Қазақстан Республикасынның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң маусым айының 15 –нен бастап күшіне енуіне орай, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Төлеби АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық -зомбылықтан қорғау тобының аға иснпекторы полиция капитаны А.Боташева, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгерушісі Қ.Омаров акция аясында «Ашық есік» күнін ұйымдастырып, жеке қабылдау жүргізіп, тегін құқықтық, психологиялық көмектер көрсетеді.

Президент қабылдаған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң, шын мәнінде, мемлекеттің теңдік пен заң үстемдігі қағидаттарына басымдық беретінін, құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыратынын көрсетеді.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заңға қол қойылғанға дейін елдің құқықтық жүйесінде әйелдердің құқықтарын қорғау іс жүзінде толық іске асырылмағанын мойындау қажет.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң мыңдаған әйелді абъюзивті қарым-қатынастан шығуға итермелейді, оларға құқықтық қауіпсіздік пен қашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әйелдерге өмір сүруге және озбырлықтан арылуға көмектеседі.

Негізгі Заң 15 заңнамалық актісіне, оның ішінде 7 кодекс пен 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Ілеспе заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді қарастырады. Кәмелетке толмағандарды қорлау (қорқыту, кибербуллинг) және 16 жасқа толмаған баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіру және басқа да түзетулер үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.

Қабылданған заңның басты міндеті – балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.

Пікір жазу