Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫНДАР ҮЙІРГЕЛІК ЖЕРІНЕ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЕГУДЕ

ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫНДАР ҮЙІРГЕЛІК ЖЕРІНЕ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЕГУДЕ

Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Ахылбеков Құдабек Жамбылұлы 0,50 га үй іргелік жеріне танқурайдың «Атлант» түрін еккен.

Өңірдің топырақтық-климаттық жағдайы бүлдірген мен таңқурай секілді түрлі жеміс-жидектерді өсіру үшін өте қолайлы болғандықтан, елді мекен тұрғындары үй іргелік жерлеріне көкөніс, жеміс-жидек егуде.
Таңқурайдың «Атлант» түрінің ерекшелігі: жемістері ірі әрі жоғары сортты өнім береді. Салмағы бес грамнан сәл асатын ірі, тығыз жидектермен ерекшеленеді, бұтақтарда ұзақ уақыт бойы бұзылмай тұрады. Олардың тәтті және қышқыл дәмі, нәзік, шырынды целлюлозасы бар, жаңа піскенде жеуге, сондай-ақ өңдеуге және мұздатуға жарамды.
Жеке шағын кәсібін қолға алған азаматтар маңдай терімен өз ауласына егіп, күтіп, баптап өсірген ‑жидектерін елді мекендегі сауда орындарына өткізуде. Бұған қоса, тосаптар, мармелад мен табиғи шырындар дайындайды. Арнайы кондитерлік өнім дайындайтын кәсіпкерлерге өткізіп, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Тамаша дәмі мен жемісінің нәзік, тәтті хош исін бағалайтындар кәсіпкер үйін арнайы іздеп келіп, алқаптан таңқурайды теріп алады. Піскен таңқурайдың теруге көршілері, округ тұрғындары да көмек беріп, күн ара 80 кг өнім жинауда.

Елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамыту – басты мәселенің бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте ауыл халқының 85%-ы тұратын тірек ауылдарды дамыту аса қажет екендігін атап өткен болатын.

Тірек ауылдарды дамыту үшін бұл елді ме­кендерді жолдармен, қолжетімді бай­ла­ныс интернетпен, инфрақұрылыммен қам­­­тамасыз ету бірінші кезекке шығуға тиіс. Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін білім, мәдениет және спорт нысан­да­рын дамытып кез келген ауыл баласының шы­нық та шымыр болып өсуіне қолайлы жағ­дай жасалуы керектігі тағы бар.

Осыған дейін Үкімет агроөнеркәсіп ке­шенін дамытудың 2021-2025 жылдарға ар­налған ұлттық жобасын қабылдаған бо­ла­тын. Мемлекет басшысы жобаны іске асыру барысында еңбек өнімділігін 2,5 есе­­ге арттыруға агроөнеркәсіп кешені өнім­дерінің экспортын екі есеге ұлғайту, ин­вестициялық жобаларды іске асыру есе­бінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұ­рақ­ты түрде арттыру қажет деген бір­қа­тар тапсырмалар жүктеген. Бүгінде атал­мыш жоба аяқталуға жақын. Бұл мақсатта мем­лекет қазынасынан әр жыл сайын қыруар қаржы да қарастырылған. Мысалы, 2021 жылы 471,9 млрд теңге бөлінсе, 2022 жы­лы 414,1 млрд теңге, 2023 жылы 485,6 млрд теңге қарастырылған екен. Ал 2024-2025 жылдарды қоса алғанда жұмсалатын қа­ражат 1 331,7 млрд теңгеге жетпек. Жал­пы, жобаны ұлттық деңгейде жүзеге асыру мақсатында ел қазынасынан бес жыл бойына 2 703,3 млрд теңге қарастырылған.

Елімізде шамамен 6 293 ауылдық елді ме­кендер бар. Бұл ауылдарда тұрақты ме­кен етіп отырған халықтың жалпы саны ша­мамен 7,7 миллионнан асып отыр. Қа­зір бағдарлама негізінде ауылдық елді ме­кендердегі әлеуметтік, инженерлік жә­не көлік инфрақұрылымын дамыту маңыз­ды. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен ме­дициналық нысандар салынып, сумен және электрмен үздіксіз жабдықталу үс­тін­де. Ауыл жолдарының сапасы жақса­рып, кітапхана, клуб, музей және кино­театр, спорт ғимараттары сынды мәдени ны­сандар салынып, халыққа қызмет көр­сету орталықтары ашылу үстінде. Одан бө­лек, тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін жаңа жер учаскелеріне инженерлік ком­муникацияларды жүргізу жұмыстары жал­ғасын тауып оытр. Бұл ретте ауылдық елді мекендерде өз қызметкерлеріне үй са­лып берген жұмыс берушілердің шы­ғын­дары жалпы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50%-ы мөлшерінде субсидиялау да қарастырылып отыр. Өз ке­зегінде бұл да халықтың ауылдарда тұ­рақ­­тап өңірлердің өз бетінше дамуына үл­кен серпін болатыны рас. Жоғарыда атал­ған мәселелердің кедергісіз жүзеге асы­рылуын еліміздің Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінен бөлек, ел Үкіметі де қатаң ба­қылауында ұстап отырғаны белгілі. Бұ­ған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағ­дарламаларындағы межелі басымдық­тар­ды да қосуға болады.

Одан бөлек, ауылдық жерлердегі қо­ғам­дық қауіпсіздікті күшейту үшін зама­науи учаскелік полиция пункттерін салу, аудан орталықтарында бейнебақылау жүйе­сін енгізу, ауылдарда жаяу жүргін­ші­лер жолдары мен мал айдау аймақтарын бел­гілеу де жоспар тұжырымдамасынан тыс қалып отырған жоқ. Оған қоса, шека­ра­лас ауылдық елді мекендерді дамытуға ерек­ше назар аударыла бастады.

Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жо­басы аясында да біршама жұмыстар жүр­гі­зілуде. Ауылдағы ағайын үшін ең басты нәр­се – су мәселесі мен кедергісіз жолдың болуы. Сонымен қатар ауылды дамытуға ба­ғытталған ұлттық жоба аясында кезең-ке­зеңімен іске асырылып келе жатқан жо­баның арқасында бірінші кезекте ауыл хал­қының өмір сүру деңгейі жақсарып, тұр­мыс тіршілігі алға басуы қажет. Сондай-ақ ауыл жұрты үшін жұмыссыздық мә­се­лесін жою қажет екені белгілі. Үкімет осы бір келеңсіздікті жою мақсатында тағы бір сер­піліп тың жоба қабылдаса деген пікір де бар. «Екі қолға бір күрек» табылып, күн­делікті ас-суын айырып отырудың өзі ауыл­дағы ағайын үшін үлкен демеу болары сөз­сіз. Бұл орайда елміздің әр өңірінде аг­роөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде жұмыс орындары ашылып, біртіндеп кә­сіп­орындар өз істерін дөңгелетуде. Тіпті, же­ке кәсіпкерлікті қолдаудың түрлі тетік­тері пайда болып жатқаны жасырын емес.

Пікір жазу