Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «АҚ — БҰЛАҚТЫҢ» ӨНЕГЕЛІ ІСІ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

«АҚ — БҰЛАҚТЫҢ» ӨНЕГЕЛІ ІСІ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Бүгінгі таңда ауылдардың инфрақұрылымын дамыту «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.

Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша қанша жұмыс орны құрылады, қанша мектеп пен аурухана, қанша шақырым жол салынады, ауылдық елді мекендер газбен, сумен қаншалықты қамтылады, жоба аясында ауыл шаруашылығы саласында орта және шағын бизнесті дамыту үшін қандай шаралар қолға алынады.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Ақ-бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығы 3 жастан 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 175 төсек орындық,(85 неврологиялық және 90 ортопедиялық) оңалту орталығы Түлкібас ауданы Қарағашты ауылында орналасқан. Оңалту орталығының қызметкерлері Рамазан айында пітір-садақаларын арнайы қорға жинап, сол қаражатқа емдік дене шынықтыру кабинетін, ойнау бөлмелер, әнтерапия және ойынтерапиялық бөлмелер жасақтады. Сонымен қатар, білікті дәрігер, іскер басшы Нұрхан Нарымбетованың ұйымшыл ұжымы арнайы мектеп кабинеттерін өздері безендіріп, бір бөлмені аспан ғаламшарларымен көркемдеп, телескоп аппаратын қойып, балалардың қиялына ерік беретіндей мүмкіндік сыйлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында елдің басты байлығы халықтың денсаулығын нығайтуға көп көңіл бөлумен қатар Үкіметке сауығудың барлық жағдайын жасауды міндеттейді. Президент ауруханада емделіп шыққан пациенттің қайта ауырып, емдеу мекемесінің төсегіне таңылмауының алдын алу мақсатында оңалту орталықтары жұмыс істеу керектігін үнемі айтып келеді. Нәтижесінде елімізде біршама оңалту орталықтары ашылды.
Түркістан облысында мүгедектігі бар 11 мыңға жуық бала есепте тұрады. Соның 30 пайызын жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан ерекше балалар құрайды. Оларға өңірде 4 оңалту, 3 қамқорлық орталығы қызмет көрсетеді. Соның бірі – «Ақ-бұлақ” облыстық балалар оңалту орталығы.
Нұрхан Мәдәліқызы бар ілімі мен жинаған тәжірибесін осы қамкөңіл балаларды қуантуға арнап, ұжымды игі іске жетелеп жүрген басшы. Оңалту ұжымының сондай кезекті игілікті игі қасиетті рамазан айында басталып, орталық қызметкерлері сауапты іске бір жұдырық болып, жұмыла кіріскен. Нәтижесінде олар балалардың уақытын тиімді пайдалану үшін арнайы мектеп пен ЛФК кабинеттерін, қазақша бөлмелер, арнайы бөлмені аспан ғаламшарларымен көркемдеп, телескоп қойып балалардың қиялына ерік беретіндей мүмкіндік ашқан.
Осы ретте басшының бастамасына қолдау білдіріп, жеңілдік жасап бергені үшін Шымкент қаласындағы «Галерея» түсқағаз сататын маркетке ұжым өзіндік алғысын білдіреді.
– Біз бұл бастаманы біраздан бері ойлап жүргенбіз. Ем алуға келген балаларға оңалтудың амалы – барынша қызықтырып, өмір сүруге құлшынысын арттыру мақсатта тырыстық. Түрлі кабинеттер ашып, баланың зейінін көтеруге мүмкіндік сыйладық деп ойлаймын. Біздің орталыққа келген балалар 18 күн ішінде білім алып, жан-жақты дамиды деген сенімдемін. Сонымен қатар, ұжымдағы барлық қызметкерлерге шексіз ризашылығымды білдіремін. Сырттан адам шақырмай, барлық істі жұмыла атқардық. Ойымдағыдан да керемет дүниелер шықты, – дейді оңалту орталығының басшысы.
Ұжымның кезекті қуанышын бөлісуге өзге аймақтағы әріптестері де арнайы келді. Түркістан облыстық балаларды оңалту орталығының басшысы Айдар Шетенов, Кентау қаласындағы «Жансая» балаларды оңалту орталығы басшысының орынбасары, Денсаулық сақтау басқармасының Түркістан облысы бойынша штаттан тыс балалар реабилитологы Мариям Парманова мен «Сарыағаш» облыстық балалар шипажайының басшысы Еркін Нұрлыханов бастаған азаматтар керемет шараның куәсі болды.
– Мен ұжымның ынтымағы артқан достығы жарасқан келбетіне риза болдым. Басшыны қолдау, оған барынша дем беру тек бірлігі бекем, ынтымағы ұйысқан ұйымның ғана қолынан келеді. Ал, Нұрхан Мәдәліқызының балалар үшін жасаған игілікті һәм сауапты ісі барлық әріптестерге үлгі деп білемін. Ұжымдағы мейіргерлер, кіші қызметкерлер бірігіп, бірі қабырғаға сурет салып, бірі ою ойып, бірі түсқағаз жабыстырып, бірі арнайы аппарат сатып алып беріп, бірі қолданыстан тыс қалған арбасын әкеп беріп үлкен жауаптылық танытқан. Мектепті ыңғайластырып, телефонға телмірген балаларға бір дүниені үйретудің өзі біз үшін үлкен қуаныш. Ауыз толтырып айтуға негіз бар бұл бастама жалғасын табады деп ойлаймын, – дейді Денсаулық сақтау басқармасының Түркістан облысы бойынша штаттан тыс балалар реабилитологы Мариям Парманова. Орталықта медициналық ем-шараларға қоса үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету мақсатында бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру көлемінде негізгі пәндер бойынша базалық тәртіпте білім беруді ұйымдастырудамыз. Яғни, математика, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, жаратылыстану, география пәндері. Математика пәні 1-4 және 5-11 сынып оқушыларына Qalan.kz математикадан интерактивті онлайн порталы арқылы өткізілуде. Аталған порталдың негізін қалаушы Асқар Болат мырза порталды бір жылға тегін пайдалануға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, балалардың математикалық сауаттылық пәні бойынша білім алуына өз үлесін қосып, қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.
Аумағы 7 гектар жерді құрайтын, табиғаты тамаша тау бөктеріне жақын орналасқан орталыққа келген қонақтар мұндағы мұнтаздай тазалықты, әсем көріністі көріп, таңданып әрі тамсанып қарағандарын жасырмады. Әр ғимаратты арнайы барып аралап көріп, балалармен тілдесіп, жұмыстың тиянақты жүріп жатқанына көз жеткізді. Алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, басқосу барысында ұжымдастарымен тәжірибе алмасты.

Пікір жазу