Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет шағын және орта бизнестің дамуы үшін кәсіпкерлікті барынша қолдап келеді. Әр азаматтың жеке кәсібін ашып, нәсібін табуы тек жеке тұлға үшін емес, мемлекет үшін де маңызы зор. Осы арқылы халықтың жағдайы көтеріліп, мемлекеттің экономикалық қуаты артатыны заңды.
Жергілікті кәсіпкерлер субсидия, жеңілдетілген несие алып, бизнесін кеңейтіп жатыр. Бүгінде Түлкібас ауданында 32 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Биыл ауданда шағын орта бизнес саласындағы кәсіпорындар саны 10 мыңға жетіп, жаңадан 12 720 жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қолдау көрсету мақсатында келесідей мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда:
- Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба;
- «Қарапайым заттар экономикасы» жеке кәсіпкерліктің мемлекеттік бағдарламасы;
- «Даму Өндіріс» шағын және орта бизнесті өндіріс өнеркәсібінде және өндіріс өнеркәсібіне қатысты қызмет көрсетудің қызмет саласында қолдау бағдарламасы;
- 4. «Даму Оптима» кепілдік беру бағдарламасы.
Кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2013 жылдың 13 қазан айынан бастап жұмысқа кіріскен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі болып табылады. Іс жүзінде, бүгінгі күні бизнесмендер тап болатын бүкіл мәселемен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы айналысуда. Осы орайда, аталған мекеменің тындырымды тірліктері мен игілікті істерін білуге бағыт алған біз Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы, Түлкібас аудандық филиалының директоры Асылболатов Қайрат Тоқтасынұлымен арнайы сұхбаттасып қайтқан едік.
– Қайрат аға, сіз басқаратын «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба» Атамекен палатасының мақсаты мен міндеттері туралы айтып берсеңіз?
-«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі»Ұлттық жоба ол біздің бұрынғы бизнес бұрынғы бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасына өзгеріс еніп, қазір бірыңғай кешенді бағдарлама болып кетті. Машат ауылында орналасқан «Тайкелтір» бөбекжай бала бақшасының меңгерушісі Штабаева Салтанат бізден кеңес алып, Палата тарапынан бизнес жоспар және кепілге қойылатын жылжымайтын мүлкінің құқық белгілейтін құжаттарын көріп, ҚР заңдарына сәйкес рәсімдеуге құқықтық көмек көрсетіліп, сүйемелдеу жұмыстары толыққанды жүргізілді, нәтижесінде «БЕРЕКЕ БАНК» АҚ-нан бизнес жоспары 50 млн теңге мақұлданып, бала бақша ғимаратын кеңейту мақсатында алынған несиеге құрылыс материалдарын алып, 1 мың 700 кв ғимарат салды. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 5 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант конкурсына Майтөбе ауыл округінде орналасқан «ТҮЛКІБАС ӨНДІРІСІ» ЖК тұрмыстық химия өндіретін цех бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, 5 млн. грантты, кәсіпкер, бизнес жоспарын қорғап жеңімпаз атанды. Сондай-ақ «ЫРЫС» шағын несие ұйымынан мал шаруашылығы бойынша 3 жоба, көктемгі дала жұмыстары бойынша 5 жоба, 2023 Аршалы шаруа қожалығының 400 гектар жеріне бидай егу мақсатында 1 жоба өткізілді. «Аграрлық несие корпорациясы» 5 жоба, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан ауыл шаруашылығы 3 техникасын (трактор) алу бойынша жобалар мақұлданды.
– 2023-2024 жыл аралағында атқарылған жұмыстарыңызды айтып өтсеңіз?
— Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Түлкібас аудандық филиалы 2014 жылдан бастап мемлекеттік тіркеуден өтіп, істеп тұрған кәсіпкерлерге және ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес, сервистік бухгалтерлік және статистикалық есептерді тапсыру бойынша қызмет көрсетудеміз. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандары Т.Рысқұлов ауылы, Д.Қонаев көшесі, 16 А ғимаратында орналасқан. Кәсіпкерлікті қолдау орталығы 2023 жыл басынан ҚР «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба» мемлекеттік қолдау бағдарламалар аясында бүгінгі күнге дейін 294 кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар азаматтарға кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы 875 кеңестер берілді. Кәсіпкерлік субъектілерінің 136 қаржылық жобаларына сүйемелдеу көрсетіліп, ағымдағы жылы 106 жоба мақұлданды. Ағымдағы жылы 92 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне-лицензиялау порталында тіркеуге және 8 заңды тұлғаны егов порталында мемлекеттік тіркеу немесе қайта құруға сүйемелдеу жасалды. Сонымен қатар, 5 кәсіпкер қаржылай емес қолдау бойынша сүйемелдеу көмегін алды.
-Көтерме бөлшек сауда бойынша қандай да бір өзгерутілер бар ма?
— Көтерме бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер 4 пайыздан 2 пайызға төмендету бойынша, белгіленген мөлшерлемені қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқығы бар. Ал, бұл жеңілдік ШОБ үшін негізгі мәселе болып табылады, осыған байланысты кәсіпкерлер тарапынан түскен өтініштері негізінде, 2023 жылдың 7 маусымында облыстық палата тарапынан Түркістан облысы мәслихатының хатшысы А.Абишевке, облыстық, қала, аудан әкімінің апараттарына, салық режимін төмендету бойынша хат жолданған. Алайда, Түлкібас аудандық мәслихаты бөлшек салықтың арнаулы режимін қолдану кезінде, салық мөлшермесін төмендету туралы 2024 жылы 19 наурыз айында, кезекті сессиясында қаралып, нәтижесінде, ҚР «Салық кодексі» 696-3 бабының 5 тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 Қаулысы негізінде, сауда, қоғамдық тамақтану, такси және жөндеу саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін тауарларды сатуға және қызметтер көрсетуге бағдарланған 190 түрін қамтитын кәсіпкерлер, 4 пайыздан 2 пайызға төмендету туралы шешім қабылданды. Басты міндеттердің бірі, кәсіпкерлерге сапалы қызмет жасау, оларды жан жақты қолдау мақсатында, жылдан жылға Кәсіпкерлер палатасы, және аудандық кәсіпкерлер кеңесімен бірлесіп, жергілікті кәсіпкерлермен тығыз байланыста жұмыс атқаратынымызға, толықтай сенім білдіреміз.
– Кәсіпкерлерден жалпы шағым көп түсе ме?
-2024 жыл басынан бүгінгі күнге дейін 111 кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар азаматтарға «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба» және Ауыл аманаты, Жастарға арналған бағдарлама туралы мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы 219 кеңестер берілген. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша 8 өтініш түскен болатын. Жеке кәсіпкер «Түлкібас әк зауыты» ЖШС-нан 2 арыз, газ, электр энергиясы бойынша, «KazAgroVision» ЖШС- газ және инвестсубсидия бойынша, «НҰР болашак интеллектуалды дамыту орталығы» ЖШС жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы «Бес Жал» ӨК, «Бақдаулет» ШҚ, «Аршалы» ШҚ, «Сансызбай» ШҚ-тарынан көктемгі дала жұмыстары (ВПР) бойынша жеңілдетілген несие алу туралы өтініш берген, нәтижесінде 3 арыз оң шешімін тауып 5 арыздар Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы, «Оңтүстік АИО» ЖШС-ның талаптарына сай құжат қабылдау мерзіміне байланысты, жұмысқа алынып қаралуда.
-Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша қанша кәсіпкер кәсібін жүргізуде?
-136 кәсіпкерге сүйемелденді, оның ішінде 106 кәсіпкер 2,5 пайызбен әр түрлі бағытта несиесін алып кәсібін жүргізуде. Аудан прокуратурасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер кеңесі, аудан кәсіпкерлері, іскер әйелдер кеңесі және мүшелерімен бірге, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жеке меншік бала бақшалармен әр түрлі бағытта жиындар өткізілді. Рейдерлік және кәсіпкерлерді заңсыз қылмыстық тергеуге алу фактілеріне қатысты арыз-шағымдарды қарайтын ведомствоаралық орталық және өңірлік жұмыс топтары құрылды. Оның құрамына прокуратура, құқық қорғау органдары, «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы билік өкілдері кіреді. Түлкібас ауданы прокурорының хатына сәйкес жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында аудан аумағындағы кәсіпкерлік субьектілеріне алкоголь өнімдерін алып сатумен айналысатын кәсіпкерлерге, шектеулерді түсіндіру және профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлерге дәрілік заттарды таңбалау жүйесінің ережелері мен қағидаттары, таңбалауды қолданбағаны үшін мүмкін болатын айыппұлдар түсіндірілді.
-Ауыл арасында кездесулер ұйымдастырып отырасыздар ма?
-Иә, оның бірі жұмысшы тобымыз Шақпақ баба ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. «Ауыл ел аманаты» жобасының мақсатын, тиімділігін кеңінен түсіндіру 2,5 пайызды құрайтын несие бойынша және ауыл шаруашылығын техникасын лизингке беру, кепілге қойылатын тұрғын үй құжаттарының болуы инвестициялық субсидия қарастырылғаны жөнінде несиенің басты бағыттарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
-Кәсіпкерлердің құқығы бойынша өтініштер түсіп тұра ма?
— Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша, 5 өтініш түскен болатын. Жеке кәсіпкер «Стас и К» ӨК-нің төрағасы қосымша жер телімін алу үшін өтініш берген, нәтижесінде жерінің құжаттары рәсімделді, Палата қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, алғысын жеткізді. “Ер Агро” шаруа қожалғының төрағасынан ауыл щаруашылығына арналған техникасын, трактор сатып алған, алайда инвестициялық шығын өтеу үшін, ГОС «агро kz» сайтынан өтініш беру кезінде қиындықтар болып, инвест субсидиясыннан ала алмай бас тартқан. Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына құқықтық көмек сұрап жүгінген болатын. Палата қызметкерлері араласуымен субсидияға өтініші қабылданып, оң шешімін тапты. Түлкібас аудандық прокуратура органдарымен бірлесіп өңіріміздегі инвестициялық жобалар бойынша аудандық филиал директорларымен жүргізілген сүйемелдеу жұмыстары бойынша «Beibars Bottlers», «Химический комплекс Састобе» (Инновационный комплекс «Састобе), «ЦИК» «Ак-Су Жабагылы» кәсіпкерлердің нысандарына барып, жоба барысымен танысып қайтты. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Түркістан қаласында «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика»-Халықаралық форумы өтті. Аталған форумға ауданнан 5 кәсіпкер қатысты және Түркістан өнімдері атты көрмеге жеті кәсіпкеріміз қатысып, Қазақстанның ең үздік өнімдері номинациясына “Майлыкент сүт” ЖШС-гі иеленді. Жалпы, 2023 жылды қорытындылап, кіріп келген, 2024 жыл кәсіпкерлер үшін берекелі жыл болсын.
– Өзіңіздің әріптес-бизнесмендеріңізге айтар тілегіңіз бар ма?
-Мемлекет бизнеске бетін бұрды, енді кәсіпкерлерден де қайтарым болуы тиіс. Яғни дұрыс бағытта жүру, ел заңнамаларын қатаң сақтау және тағысын басқа. Сонда ғана өз бизнесің үшін алаңдамауға және болашаққа нық сеніммен қарауға болады. Мемлекет әрдайым адал ниетті кәсіпкерлерді қолдайды, адал адамдардың қолынан бәрі келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының дүниеге келуімен бизнесмендер мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі бүкіл тапсырмалары жүзеге асырылатынына деген сенімділікке ие болды. Ұлттық палатаның миссиясы – кәсіпкерліктің өсуіне және одан әрі дамуына жәрдемдесу, ал ҚР ҰКП-ның стратегиялық мақсаты – бизнес-ахуалды жақсарту және елімізде кәсіпкерлік бастамаларды дамыту. Еш қорықпай, кәсіптеріңізді бастай беріңіздер! Мақсаты айқын, жоспары мықты кәсіп иелері болу бұйырсын сіздерге!
-Ашық сұқбатыңызға рахмет!