Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: 66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ

ШЫМКЕНТ: 66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ

Елімізде 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық дәрілік заттарға цифрлық таңбалау басталды. Осыған орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ляззат Қашқымбаева, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы орынбасары Сәуле Дүйсенбаева және отандық тауар өндіруші және дистрибьютор өкілдері қатысқан баспасөз мәжілісі өтті.
Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау фармакологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыру, препараттардың сапасын бақылау, дәрілік заттардың өндіріс кезеңінен бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі жеткізу мониторингі, заңсыз айналымға, оның ішінде жалған өнімге қарсы іс-қимыл мақсатында енгізіледі.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 66 медициналық ұйым дәрілік заттарды таңбалау бойынша 2D сканер және деректерді жинау терминалымен қамтамасыз етілген.
-Таңбалаудың маңыздылығы — дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратқа қолжетімділік беріп, меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдарда өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың есебін қамтамасыз етеді. Жалған өнім айналымын тоқтатады, — дейді Сәуле Сансызбайқызы.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрілік заттардың 90-ына цифрлық таңбалаудың бірінші кезеңі енгізілген болатын. Енді 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау жүйесін еңгізбеген медициналық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттар босату тоқтатылады.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау процесін еңгізбеген медициналық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттарды босату тоқтатылады, осыған байланысты дәріханалар дәрілік заттарды сатып алу және халыққа өткізу мүмкіндігінен айырылады. Міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға сатып алынған дәрілік заттарлың шынайылығы бойынша ақпаратқа қолжетімділік беруді, сондай-ақ өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етуді, контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Пікір жазу