Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ДЕПУТАТТАР АУРУХАНАНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ДЕПУТАТТАР АУРУХАНАНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Парламенті демалыста. Бірақ, депутаттар осы қолайлы сәтті пайдаланып, халықпен жүздесіп жүр. Халық қалаулылары елдің ұсыныс пікірін тыңдап, өзектісін Парламент қабырғасында көтереді.
Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары Айгүл Қапбарова мен Әлішер Сатыбалдиев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында шаһардағы №1 клиникалық ауруханада болып, медицина мекемесінің жұмысымен танысты.
Бүгінде аталған медицина мекемесінің кредиторлық берешегі 1,5 миллиард теңге. Шымкентке іссапармен келген Сенат депутаттары қаржы мәселесімен танысып, ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысын бақылады.
Сенат депутаттары Айгүл Қапбарова мен Алишер Сатвалдиевке аурухананың қаржы мәселесі баяндалды. Дәрігерлер кредиторлық берешек 2 млрд. теңгеден 1,5 миллиардқа азайғанын жеткізді. Ақ халаттылардың айтуынша, қарыздың негізгі себебі – қажетті препараттар мен операцияға кететін шығындар науқастарды емдеуге белгіленген тарифтен анағұрлым қымбат.
Депутаттар елдегі көп медициналық ұйымның басты мәселесіне айналған қаржыландыру жүйесі Парламентте қайта қаралғанын жеткізді. Соның нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі жаңа қаулы қабылдаған.
Халық қалаулылары күрделі жөндеу жұмысын бақылады. Оған қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген. Жыл соңына дейін жеткізілуі тиіс жаңа жабдықтардың тізімін қарап, құрылысты мерзімінде аяқтаудың маңыздылығына тоқталды.
Сенат депутаттары Шымкент қаласындағы «Tulip Hall» жаңа конгресс-холының жұмысымен де танысып шықты.
Сонымен қатар, сенаторлар Айгүл Қаппарова мен Әлішер Сатыбалдиевпен қаладағы Әл-Фараби атындағы кітапханада өтті. Сыр сұхбат түріндегі кездесуде Шымкенттен сайланған қос сенатор Парламентте атқарылып жатқан жұмыстарды саралап берді.
Кітапханашылардың да айтары көп екен. Парламент қабырғасында кітапханашылардың жағдайы сан мәрте көтерілгені белгілі. Соның нәтижесінде әлеуметтік жағдайлары әлдеқайда жақсарған. Кітап қоры айтарлықтай өскен. Алайда, қазақ тілді шығармалардың үлесі әлі де отыз пайыз күйінде қалып келеді. Методикалық-дидактикалық, ғылыми-зерттеу оқулықтары мемлекеттік тапсырыспен аз шығады.

Пікір жазу