Иә, суға түсу, демалу бөлек те, суға түсу мәдениетін білу, ережелерді сақтау тіптен басқа дүние. «Сақтансаң, сақтаймын» деген ұстаным күнделікті тіршіліктен тыс жатқан жоқ. Ережеген бағыну да еріккеннің ісі емес. Жылдан жылға қауіпсіздік техникаларының түгелденіп, заманауиланып келе жатқаны қуантады. Алайда өзіміз өзімізге, айналамыздағы адамдарға, қоғамға жауапкершілік алып, бір адамның амандығына септігімізді тигізе алмасақ, не өзгермек? Ол үшін ережелерді ұғындыру, жүзуді үйрену мен үйрету, тіпті, ақпараттық, физикалық қолдау көрсету де артық етпейді.
Осыған байланысты Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасап отыр.
Жаз басталса, жыр болатын мәселе көп. Адам мен оның денсаулығы, өмірі алғашқы орында тұратын қоғамда суға түсу маусымымен қауіп-қатер де қатар жүреді. Осы жылы да әдеттегідей балаларды қорғау күні мерекесінде суға түсу маусымы ресми түрде ашылып, аталған салаға қатысты қарқынды жұмыс басталатыны белгілі. Өңірде тыйым салынған жерлерге суға түсу, қауіпсіздік ережелерін сақтамау нәтижесінде жыл сайын суға батып, ажал құшқандар қатары көбеюде. Бұған басты себеп неде? Суға батып бара жатқан адамды көргенде алғашқы әрекет қандай болуы керек? Балалардың қауіпсіздігі үшін қандай шаралар қолға алынған? Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары осы сұрақтар төңірегінде өз ойларын айтты.
Статистика сөйлейді
Суға шомылу маусымы таяп қалғаны белгілі.Біз өз тарапымыздан қала, ауыл тұрғындарына суға түсу кезіндегі сақтық шаралары мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатырмыз. Жүзу білмейтін, ата-ананың қарауынсыз суға түсетін балалардың қауіпсіздігі үшін тұрақты жүргізілетін мұндай шаралардың маңызы зор. Орын алатын жағдайлардың 70 проценті мектеп жасындағы балалардың ата-анасының, ересектердің қадағалауынсыз суға түсуге рұқсат етілмеген, тіпті, қауіпті аймақ саналатын жерлерде «Суға түсуге тыйым салынады» деген ескертпе тақтайшаларға құлақ аспай, өз беттерінше шомылуынан туындайды. Қала көлемінде суда орын алған қайғылы жағдайларға жасалған талдау көрсеткендей, негізгі себеп судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы және су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсу екені байқалады.
Себеп бар, шешім ше?
Абайсызда суға батып кеткендерді құтқару үшін қажетті құралдардың түгел болуы маңызды. Сонымен қатар белгіленбеген аймақтарда суға шомылу фактілері анықталған жағдайда жергілікті полиция қызметімен аталған азаматқа немесе ол кәмелеттік жасқа толмаса, оның ата-анасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 364 бабы бойынша жалпы суды пайдалану ережесін бұзу және 412 бабы бойынша су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамауға қатысты хаттама толтырылып, тиісті шара көріледі. Суға түсудің заңдылықтары мектеп жасындағы балаларға түсіндіріліп, насихатталады. Алайда ата-ана мен басқа білім ошақтарында күнделікті суға түсу мәдениеті, ережесімен таныстырылса, артық емес. Бұдан бөлек мас күйінде суға түсетін адамдар да құтқарушыларды әбігерге түсіріп қоятыны бар. Судың маңында спирттік ішімдіктер ішу сол адамның өзіне ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға да зиян келтіреді. Суға лақтырылған, сынған бөтелкелер судағы басқа да адамдардың жарақаттануына, оқыс жағдайға ұшырауына әкеледі.
Суға түсуді үйреніп жүрген мектепке дейінгі балалар үшін арнайы орын бөлініп (тереңдігі 0,7 метрден аспау керек), қауіпті жерлер арнайы тростармен белгіленуі керек. Су жағажайларының тереңдігі 1,5 метрге дейін болғанда 12 жас және одан үлкен жақсы жүзе алатын балаларды жіберуге болады. Балалардың қасында міндетті түрде суда жақсы жүзе алатын үлкендер болу керек. Барлық бала мына ережелерді есте сақтауы тиіс: суға тек арнайы жерлерде түсу; кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау; таныс емес жерлерге, жағалауларға сүңгімеу; су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түспеу; балалар өзен-көлге тек қасында үлкен адамдар болғанда ғана шомылуы керек.
Осы ретте Төтенше жағдайлар қызметі мен арнайы мамандар бекіткен суға түсушілерге арналған қауіпсіздік ережелерін, батып бара жатқан адамды құтқару және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін оқырман қауымның назарына ұсынып, есіне салып өткеннің артығы болмас. Алдымен суға шомылу кезінде болатын тосын жайларды, оқыс жағдайға тап болған кезде қалай әрекет ету керегін баяндап өтсек.
Бәріміз білетіндей суға түсудегі қауіпсіздіктің ең басты кепілдерінің бірі – жақсы жүзе білу. Бірақ жақсы жүзе алатын адам да үнемі сақ, тәртіпті болып және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек. Сондықтан қыр-сыры белгісіз су қоймаларында суға түспеңіз. Өйткені оның түбі терең немесе судың асты адамның денесіне жабысатын балдырлы, суық болуы мүмкін.
Су айдындарында мүмкіндігінше әртүрлі ойындарды ойнамаңыз. Өйткені суды шашыратып, толқын тудыру басқа адамдардың су ортасында тыныс алуына кедергі келтіріп тұншығып қалуына себеп болуыңыз мүмкін. Суға түсіп жүргенде оқыс оқиға болса, қорықпауға тырысыңыз. Қорқыныш сезімін жеңе алмай қалсаңыз өз әркеттеріңізді бақылай алмайсыз. Тұншығып бара жатып айқайламаңыз, өйткені су өкпеге бірден кіріп кетеді. Басыңызды судан жоғары шығарып, терең тыныс алғаннан кейін ғана айғайлауға болды. Құтқарушыларға қол сермеп белгі беріңіз.
Ал егерде жүзуді білмей, судың ортасында кездейсоқ қалып қойсаңыз қолдарыңызды кең жайып, мүмкіндігінше терең және сирек дем алыңыз. Тік тұрып, аяқты педаль басқандай жылжытып, қолдарыңызды жоғары көтеріп суды төмен итеріп қозғалтыңыз. Үзідкісіз қимылдан шаршап қалсаңыз суға арқамен жатып, демалуға тырысыңыз. Ол үшін қол мен аяқты түзу ұстап, басыңызды судың үстіне қойып, тынығып алуға әрекет жасаңыз. Судың суықтығынан тонып қалсаңыз қолдарыңыз бен аяқтарыңызды кезекпен созу арқылы жылытуға тырсыңыз. Ал аяғыңыз тартылып қалса суға батырыңыз да күшпен өзіңізге қарай тартыңыз.
Кейбір көлдер мен өзендерде айналмалы иірімдер болады. Ол адамды шыр көбелек айналдырып түбіне тартып әкетуі мүмкін. Сондай қауіпке кездессеңіз өкпеңізге көбірек ауа жұтып, қауіпсіз жаққа қарай яғыңызды күрт сермеп секіріңіз.
Ал өзенде жүзу кезінде қатты ағысқа түсіп қалсаңыз күшіңізді босқа жұмсамаңыз, ең жақын жағалауға қиғаш бағытта жүріп, жай ғана ағыспен жүзіңіз.
Су астында неше түрлі қауіпті заттар болуы мүммкін. Соны бірі балдырлар. Суда жүзуге кедергі келтіріп, балдырлар аяғыңызға жабыса бастағанын сезген бойда тоқтамаңыз, бір орында тұрып қалмаңыз. Екі аяқпен күрт итеріп, өзіңізді босатуға тырысыңыз. Егер мұны бірден жасау мүмкін болмаса, балдырларды екі аяқпен кезек-кезек ысқылап босатуға тырсыңыз. Судың астына түсіп балдырларды қолмен аршимын деп әрекеттенбеңіз, балдырлар мойныңызға жабысып шатасып байланып қалуы мүмкін.
Осындай қиындықтарға тап болып, өміріңізді қауіп пен қатерге байламас үшін қарапайым қағидаларды қатаң сақтаған жөн.
Біріншіден суға түсуге арнайы дайындалған, рұқсат етілген, жағасында құтқарушы мамандар жұмыс істейтін орындарда ғана шомылуға тырсыңыз.
Екіншіден ішімідік ішіп, мас болған кезде өзен-көлдерге, жалпы терең су қоймаларына түспеңіз.
Үшіншіден ыстық күннің астында қыздырынып, суық суға бірден түспеңіз. Температураның кенеттен өзгеруі жүрекке салмақ салып, тоқтап қаулы мүмкін.
Төртіншіден ауа райы дауылды күні жағаға толқын ұрып буырқанып жатқан теңізге, көлге түспеңіз. Қатты толқын өзіне тартып әкетеді. Ағысы қатты өзенге түсуден мүлдем аулақ болған жөн.
Бесіншіден жақсы жүзуді білсеңіз де жағалаудан ұзап кетпеңіз. Өміріңізге қауіп төнсе құтқарушылар жылдам жете алатындай болуы керек. Батып бара жатқаныңызды сезсеңіз құтқарушыларға, жағалаудағы адамдарға бірден белгі беріңіз.
Ал суға батып бара жатқан адамды көрсеңіз оны құтқарып қалуға тырысу, әр адамның азаматтық парызы.
Ондай жағдайда үрейленбеңіз. Алдымен айқайлап құтқарушылардың немесе жағалаудағы адамдардың назарын батып бара жатқан адамға аударуға тырсыңыз.
Жағалауға жақын жерде судан шыға алмай тұншығып, жанталасқан адамды көрсеңіз айналаңызға жіті қарап, құтқару қалқаншасын немесе құтқару құралы ретінде қолдануға болатын пневматикалық матрацтарды, кеудешелерді, қалқымаларды, ұзын арқандарды т.б. көмектесуге жарайтын заттарды тауып зардап шегушіге лақтырыңыз. Басқа амал таппасаңыз өз қабілетіңізге қарай әрекет еткен дұрыс. Жүзе алмайтын немесе жүзуді нашар меңгерген болсаңыз құтқаушы кеудеше немесе арнайы белдік киіп алып суға түсіңіз. Ал жақсы жүзе білетін адам болсаңыз бірден суға түсіп оның шашынан, аяғынан тартып судан шығаруға тырсыңыз. Тіпті болмаса арт жағына бір қолыңызбен қапсыра құшақтап, екінші қолыңызбен жүзіп жағаға жеткізуге болады. Тұншығып бара жатқан адамға қолыңызды созып немесе алдыңғы жағынан қапсыра құшақтап алу өзіңізге қауіпті. Жанталасып есі шыққан адам сізді де өзімен бірге батырып әкетуі мүмкін.
Зардап шеккен адамды жағалауға алып шыққаннан кейін маңайда дәрігер немес арнайы мамандар болмаса, дереу өзіңіз алғашқы көмек әрекеттерін жасаңыз.
Бірден оның ауыз қуысына құм немесе балдырлар кіріп кетпегенін анықтап, тыныс алуына қиындық тудыратын барлық заттан тазалаңыз. Сосын тізеңізге етбетінен яғни ішімен жатқызыңыз, басы төмен салбырап тұратындай болсын. Өйткені жұтып қойған суды шығару керек. Суды бірден құспаса тілінің түбінен басып құстырыңыз. Содан кейін барып оны шалқасынан жатқызып, тануын қолыңызбен қысып тұрып, аузыңызды аузына тақап қатты үрлеп жасанды түрде дем жіберіңіз. Ал жүрегі соқпай қалғанын байқасаңыз жүрегінің үстінен алақандарыңызды айқастыра қойып минутына 15 рет басып жасанды массаж жасау керек. Зардап шегуші есін жинай бастағанын байқасаңыз бірден жедел жәрдем шақырған жөн.
Міне бұл кез келген адам, тіпті балаларға дейін білуге тиіс ережелер. Осының бәрін тізбектеп жазып отырғанымыз қарапайым қағидаларды білудің өзі көптеген қауіптен қорғап, ажалдан арашалап қалуы мүмкін. Сондықтан қауіп қатерден әрдайым сақтанып, айналаңыздағы адамдарға да ескерте жүріңіз. Өйткені қоғамның басты байлығы адам өмірі бәрінен қымбат.
Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі
Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Әдетте, жүзе алмайтын балалар белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықақтан суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.
Балаларға арналған судағы қауіпсіздік» тақырыбы балаларға ереже тәртібін оқытуға және жазатайым жағдайлардың санын азайтуға бағытталған. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады.
Едәуір ересек балалар суда жүзе білу және суда өзін дұрыс ұстау ережелерін біліп қана қоймай, судағы қиын жағдайларда өзін ұстай білу машығын да меңгеруі қажет. Олар егер аяқтың тырысуы болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігін, суға батып бара жатқан адамды шамалауды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетуді және т.б. білуі қажет.
Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі керек?
суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады;
егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;
су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;
суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз). Әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз. Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз;
Егер сіз мас күйде болсаңыз, балаларды суға жібермеңіз, олар қараусыз қалып қойған жағдайда, қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.
Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі:
Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;
Кемеге жақын жүзуге болмайды;
Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;
Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;
Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;
Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.
Ата-аналар назарына!
Сіздер үшін, ата-аналар! Құрметті ата-аналар!
Жазғы мезгіл – балалар үшін нағыз демалатын шақ болса, су – балалар организімінің сауықтырылуына қажет бірден-бір құралы болып табылады. Алайда, суға шомылудың пайдасын, тек қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жағдайда көруге болады. Осыған байланысты жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларға суға шомылу барысында өздерін қалай ұстау қажеттігін ескертіп, ата-ананың қарауынсыз қалдырмауларыңызды өтінеміз! Өкінішке орай, ата-аналар тарапынан жасалған немқұрайлық орны толмас жағдайларға апарып жатады.
Балаларыңызды сақтаңыздар!
Қоршау белгісінен әрі жүзуге тыйым салынады!
Тыйым салынған орындарда суға түсуге тыйым салынады!
Балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады!
Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға тыйым салынады!
Суда ойнауға тыйым салынады!
Жалған дабыл беруге тыйым салынады!
Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге тыйым салынады!
Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге тыйым салынады!
Тамақ ішкен бойда суға түсуге тыйым салынады!
Суға мас күйде түсуге тыйым салынады!
Таныс емес жерге сүңгуге тыйым салынады!
Таулы аймақтарға туристік сапармен шыққан кезде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері
– Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында өтпеу керек. Маршрутқа барар алдында ауа-райы болжамын анықтаңыз.
– Таулы жерлерге бармас бұрын ауа-райы жағдайлары мен кедергілердің ықтималдығын ескере отырып, ықтимал қауіптерді мұқият бағалау керек. Егер ауа-райы нашарласа, жоғары емес, төмен түсіңіз.
– Таулы маршруттарда жолды мұқият қадағалаңыз және аяғыңыздың астына, әсіресе жаңбырдан кейін мұқият қараңыз.
– Жарақат алмау мақсатында тік беткейлерге көтерілмеңіз.
– Дененің қызып кетуіне, гипотермиясына жол бермеңіз.
– Егер сіз балаларды өзіңізбен бірге тауға алып барсаңыз, олар үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.
– Өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде су алыңыз. Өзіңізбен бірге компасыңыз болсын.
– Егер сіз топта немесе достар компаниясында саяхаттасаңыз бірге болғаныңыз жөн. Міндетті түрде өзіңізбен бірге қажетті дәрі қоры бар медициналық аптечканы алып жүріңіз. Қозғалыс қарқыны топтағы ең әлсізімен анықталады.
– Бейтаныс маршрут бойынша алғашқы жорық үшін оған барған адамды жолсеріктерден тапқан немесе осы маршрут туралы алдын ала ақпарат табуға тырысқан жөн. Ешқашан бейтаныс маршрут бойынша тауларға жолсеріксіз бармаңыз.
– Тауларда адасып, қауіпті жабайы жануарға кез болып, жартасқа құлап кетуге болады. Қыста тауларда қар көшкіні, жазда тастардың құлауы мүмкін.
Егер сіз тауға бірнеше күнге баратын болсаңыз, онда өзіңіздің ұялы телефон нөмірлеріңізді тәулік бойы жұмыс істейтін ҚР ТЖМ бөлімшелеріне 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Қауіпсіздік ережелері: Өрт шыққанда не істеу керек?
Тілсіз келіп, тұтқиылдан тап беретін жаулардың бірі – өрт. Соңғы кезде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан өрт жағдайлары жиілеп отыр.
Өрт шыққанын білгенде: – Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз; – Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, не жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. “Менен де басқалар хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды; – Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз; – Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз; – Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады, түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүктүсіп өту керек; – Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз.
Не істеуге болмайды: – Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз; – Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді; – Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;
Зардап шеккендерге алғашқы көмек: – 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз; – Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап, ыстық сусын беріп, жылылау керек; – Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет.
Өрттің алдын алу үшін: – Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз; – Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз; – От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз; – Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз: Өрт сөндірушілер – 101; Полиция – 102; Жедел жәрдем – 103; Газ апатынан құтақру қызметі – 104;
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өміріңізді сақтап қалудың бірден-бір жолы!
Білім беру мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері
Жалпы білім беретін мекемелерде мектеп директорлары өрт қауіпсіздігі мен қызметкерлерді Өрт-техникалық минимумға оқытуға жауапты тұлғалар болып табылады. Алайда, олар бұйрықпен мектептегі өрт қауіпсіздігі мен өрттен қорғауға жауапты адамды тағайындай алады. Қажетті оқытудан өткен осы жауапты тұлға мектептегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулыққа және оқыту бағдарламасына сәйкес басқа адамдарды тарта отырып, оқытуды ұйымдастыра және жүргізе алады.
Балалар тәулік бойы болатын білім беру ұйымдарында және мектепке дейінгі балалар ұйымдарында телефон байланысын қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі белгіленеді және білім алушылармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын және өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдарды зерделеу бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Бастауыш білім оқушыларымен, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар ұйымдарында өртке қарсы тақырып бойынша әңгімелесулер жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын зерделеу бойынша нұсқаулық сабақтарын өткізу қажет.
Оқу сыныптары мен кабинеттерiнде шкафтарда, сөрелерде немесе тұрақты орнатылған тiреулерде сақталуы тиiс оқу процесін қамтамасыз етуге қажеттi жиһаздар, аспаптар, үлгiлер, керек-жарақтар, құралдар ғана орналастырылады, жәнеде сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, асханалар мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықты орналастыру кезiнде адамдарды кедергiсiз эвакуациялау және өрт сөндiру құралдарына жету қамтамасыз етiледi.
Жұмыс аяқталғаннан кейін үздіксіз жұмыс істеу үшін көзделгендерден басқа, электр аспаптарын өшіре отырып, барлық үй-жайларға тексеру жүргізіледі. Бастауыш, орта және орта мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігін, олардың денсаулығы мен өмірін сақтайтын өрт кезіндегі тәртіп ережелерін үйрету өте маңызды.
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері
Өрт – әрдайым алапат, ауыртпалық, бақытсыздық. Соған қарамастан, көпшілік адамдар өрт кезіндегі қарапайым ережелерді білмейді. Бала күннен белгілі – «101-ге қоңырау шалу»-дың өзін үрей, байбалам кезінде естен шығарып, ұмытып кетіп жатамыз. Басты ереже – ешқашан үрейленіп, байбалам күйге түспеу!
Өрт қауіпі өнеркәсіп пен мекемеде ғана емес, тұрмыста да кездеседі: – тұрғын үйде, жеке автокөлікте және көлікжайда да, саяжайлық аумақта және т.с.с. Сондықтан, өнеркәсіпте қамтамасыз еткендей, тұрғын жай және басқа орындарды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш және т.с.с.) қамтамасыз ету қажет.
Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерде:
– жанғыш заттар, жеңіл тұтанғыш заттар және газ баллондарды балкондарда және лоджияларда сақтауға;
– төсекте және арнайы темекі шегуге әзірленбеген жерлерде темекі шегуге;
– екі қабаттан жоғары үйлерде газ балондарын қолдануға;
– балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылын лақтыруға;
– әзірленіп жатқан асты газ немесе тоқ плитасында қараусыз қалдыруға және тұрмыстық электр құрылғыларын (теледидар, үтік, шәйнек, шаш кептіру құрылғысы және т.с.с.) тоққа қосылған күйінде қалдыруға;
– балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
Ең бірінші әрі міндетті ережені есте сақтаңыз: пәтерде түтіннің әлсіз иісі келген кездің өзінде, ашық жалынның өзін айтпағанда, «101» немесе «112» ге қоңырау шалу керек.
Өртті өз күшімен сөндіру көп жағдайларда нәтижесіз болады да уақытты жоғалтуға себеп болады және ол өрттің едәуір өршіп таралуына әкеліп соғады.
Өрт сөндіру қызметіне хабарласқаннан кейін, ересектер мен балаларды, қарттар мен сырқат адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, жақын пәтерлердегі көршілеріңізді хабардар етіңіз. Пәтердегі немесе саты алаңындағы электр қалқанын қолданып электр көзін өшіріңіз. Ас бөлмесіндегі газ келетін жүйені жабыңыз. Егер сіздің үйіңіз түтін шығару жүйесімен қамтамасыз етілген болса , оны іске қосыңыз. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей өртті қолда бар құралдармен – шелектегі сумен, өрт сөндіру құралымен, дымқыл тығыз матамен және т.с.с сөндіруге кірісіңіз.