Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ 10 АЙДА 146 ІСКЕ АЗАЙДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ 10 АЙДА 146 ІСКЕ АЗАЙДЫ

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлының қатысуымен «Өңірдегі интернет-алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
2024 жылдың алғашқы 10 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында 686 интернет-алаяқтық қылмыс тіркеліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 146 іске азайған (2023 ж. – 786). Аяқталған істердің саны 210 болса, мерзімі үзілген істер саны 496-ны құрады (2023 ж. – 565). Қылмыстың ашылу пайызы – 29,7% (2023 ж. – 30,3%). Бұл көрсеткіштер интернет-алаяқтық деңгейінің төмендегенін көрсетеді, дегенмен ашылу пайызы өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ.
2024 жылдың 10 айында интернет-алаяқтық әрекеттер нәтижесінде жалпы 1 миллиард 158 миллион 764 мың 171 теңге көлемінде экономикалық шығын келтірілген, оның ішінде 215 миллион 075 мың 583 теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл бағытта қылмыстарды ашу және залалды өтеу мақсатында шаралар жалғасып, күш-жігер қосымша жұмсалуда.
Интернет-алаяқтыққа қарсы күресті жетілдіру және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін 2023 жылдың 6 маусымынан бастап «Киберпол» тобы құрылып, оның құрамына 11 тергеуші, 13 жедел уәкіл және 1 криминалист енгізілді. Топ мүшелері арнайы техникалық құралдармен (Айрис, Аргус, Скриптур, Блур, Кросс) қамтамасыз етілген, бұл құралдар қылмысты талдауды жеделдетіп, дәлдікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз!
Цифрлық әлемде алаяқтар сан түрлі әдістермен қаражатыңызды жымқыртуда. Олар өзін банк немесе құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректеріңізді сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, жалған инвестициялық жобалар мен интернет дүкендер арқылы алдын ала төлем жасауды ұсынып, алдайды.
Қорғану жолдары:
— Күдікті сілтемелер мен хабарламаларға жауап бермеңіз;
Жеке деректерді бөгде адамдармен бөліспеңіз;
— Тек тексерілген платформаларда ғана қаржы операцияларын жүргізіңіз;
Өзіңіздің қауіпсіздігіңізді сақтаңыз!

Пікір жазу