Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Тұтынушы тауарды қайтарғанда ақшасын қалай ала алады?

Тұтынушы тауарды қайтарғанда ақшасын қалай ала алады?

Сайрам ауданының тұрғындарының назарына тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ақпараттарды ұсынамыз.

Дүкеннен тауар алған адам тұтынушы болып есептеледі. Ал тұтынушының өз құқықтары барын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан тұтынушы өзіне ұнамай қалған немесе сапасы нашар тауарды, оған төлеген ақшасын қалай қайтара алатынына тоқталайық.
Тауарды қайтарған немесе айырбастаған уақытта ең маңызды екі нәрсе бар:
тауарлық немесе фискалды түбіртектің болуы;
тауарды сатып алған күннен бастап 14 күнде қайтару.
Егер тауарда ақау болмай, тұтынушыға оның түсі немесе функционалы ұнамаса, сатушы сатып алушыға тауарды айырбастап немесе ақшасын қайтарып беруге міндетті. Сондай-ақ айырбастайтын тауар болмаса, сатушы күнтізбелік он күнде айырбастап беруіне болады.
Ақшаны қайтару уақыты тауар құнын қалай төлегеніңізге байланысты. Қолма-қол ақшамен төлесеңіз, тауар ақшасы бірден кассада қайтарылады. Картамен төлеген жағдайда, қаражат белгілі бір уақыттан соң қайта картаңызға түседі. Осы орайда, ескеретін жайт – қайтаратын тауардың қолданылмаған болуы.
Бірақ қайтаруға жатпайтын тауарлар да болады. Олар: дәрі-дәрмектер, шұлық бұйымдары, іш киімдер, метражбен сатылатын тауарлар, өсімдіктер мен жануарлар, ұялы телефондар.
Есте сақтаңыз!
Әсіресе қымбат тауарды сатып алған уақытта өзіңізді тауармен бірге сол дүкенде суретке түсіргеніңіз жөн. Себебі дүкенде суретке түсуге тыйым салынбайды. Ал сіз сол сурет арқылы түбіртекті жоғалтқан немесе түбіртек берілмеген жағдайда дүкеннен тауар алғаныңызды дәлелдей аласыз.
Сақтық үшін сатып алған тауар түбіртегін, қаптамасын және құжатын кепілдік немесе пайдалану мерзімі аяқталғанша сақтаған абзал.

Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жүктелген міндеттердің бірі ақпарат беру және сауаттандыру. Бұл бағытта департамент мамандары түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Ие, халықтың тұтынушы ретінде өз құқықтарын білгені өте маңызды. Олай болса, бұл іске біз де өз үлесімізді қосайық. Қазір дүние жүзі мемлекеттерінің заңдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Тұтынушылар құқығын қорғаудағы негізгі қағидаларды басшылыққа алады. Ол қағидалар тауардың қауіпсіздігі, ақпарат құқығы, тауарды таңдау құқығы, өз мүддеңді жеткізе орнын алу (шағымыңды жеткізу) құқығы, негізгі қажеттіліктеріңді қанағаттандыра алу, шығынның жабу, тұтынушыларды сауаттандыру, салауатты қоршаған орта.

Ал біздің елімізде тұтынушылардың заң бойынша төмендегідей құқықтары бар олар:

1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасу:

2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағарту және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттыру; орындаушы) туралы

3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы ақпарат алу;

4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу;

5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдау:

6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;

7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алу немесе қайтарып беру;

8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде ету:

9) сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алу;

10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына)  тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құру;

12) моральдық зиянды ету:

13) құқықтары мен заңды қорғау;

14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыра алады.

Сауда мұраты — ұту. Өркениет көшіне ілескенімізбен, осы ұстанымды желеулетіп, небір құйтұрқы әрекетке баратындар қоғамымызда кездеспей қалмайды. Сондайда ұтылып қалмас үшін әрқайсымыз тұтынушы ретінде өз құқығымызды біліп, оны қорғай алатындай болуымыз керек.

Егерде өз құқығыңыздың бұзылғанын байқасаңыз, дүкен сөрелерінде тауар бағасы жазылмаған фактілерді анықтасаңыз немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалса, я болмаса сапасыз қызмет алсаңыз Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сол кәсіпкерге қатысты арыз-шағым білдірсеңіз болады. Ол үшін «жедел желі» нөмірлеріне (+7771 322 8282, +7700 606 0071, +7775 224 5616, +7707 347 3876), сондай-ақ электронды және жазбаша өтініштерді департаменттің мекенжайына (Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, А корпусы, 427 кабинет), «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберуге болады.

Пікір жазу