Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚТАР МАҚТАНЫШЫ!

ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚТАР МАҚТАНЫШЫ!

На изображении может находиться: 14 человек, в том числе Ордабасы Аудандық Орталық Кітапхана и Шокан Жанабилов, люди стоят и в помещении

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Осы орайда, Шымкент қаласында айтулы мерекеге орай ардагерлерді құттықтау сәті басталып кетті. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы Аутрич NEET жас отбасылармен жұмыс жүргізу бөлімі «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелерімен бірлесе соғыс ардагерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін алғыстарын білдіріп, қарт майдангерлердің шаңырақтарына барып, сый-сияпат жасап, мерекелік көңіл сыйлады. Өз кезегінде, ардагерлер жастарға ақ батасын берді.

На изображении может находиться: 4 человека, в том числе Шокан Жанабилов, люди сидят, стол и в помещении
Сұрапыл соғыс жылдарында оқ пен оттың ортасында жүріп, елін қорғаған сарбаздарға қандай құрмет көрсетілсе де артық болмас. Қазақстан Тәуелсіз ел атанып, терезесі өзгелермен теңескен тұста елді қорғау ерге сын болса, өткенді ескеру, тарихты тану, жеңісті жақындатқан ардагерлерді құрметтеу бүгінгі ұрпаққа парыз!

На изображении может находиться: 8 человек, люди сидят, ребенок, стол, в помещении и еда
Ардагерлердің тізімін жасақтап, іс-шараның өтуіне белсене
атсалысқан «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігіне алғысымызды айтамыз.

© «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу