Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫН: ТЕХНИКАЛАР САПЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫН: ТЕХНИКАЛАР САПЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Қыс қаһарына мінбей тұрып, Түркістан қаласында коммуналдық қызметтердің дайындығы тағы бір мәрте сараланды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы жұмыс базаларын аралап, қар тазалау мен көктайғақтың алдын алуға жауапты техникалардың жағдайын жеке бақылаудан өткізді.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "A ۰ cTpeлoЙ cTpeлoй AHORELL H"
Соңғы жылдары жол инфрақұрылымы кеңейіп, асфальттанған көшелердің үлесі 66,7 пайызға дейін өскен шаһарда қысқы маусымның жауапкершілігі де арта түскені анық. Қазіргі есеп бойынша 845 шақырым жолдың 125 шақырымнан астамы – ең алдымен тазалануы тиіс бағыттар.
Коммуналдық мекемелер қысқа сақадай сай. «Түркістан Жарық Тазалық», «Жасыл ел», «Түркістан Су», «SK Geokard» ұйымдары және қалалық бөлімдер барлығы 52 арнайы техниканы әзірлеген. 550-ге жуық қызметкер тәулік бойы жұмыс істеуге дайын. Қажетті материалдар қоры да жеткілікті: 310 тонна құм, 500 тонна тұз бөлініп қойған.
Қар күреу жұмыстары үш негізгі бағыт бойынша жүргізілмек. Бұдан бөлек, қосымша көшелер, саябақтар және әкімшілік-іскерлік орталық аумағы да бақылауда.
Возможно, это изображение скорая помощь и текст "LADA"
Бұл тексеріс – қысқы маусымда қала халқының қауіпсіздігі мен ыңғайлы тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам. Түркістан биыл қысты техникалық жағынан тыңғылықты қарсы алмақ.
© Didarbek.kz

Пікір жазу