Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА КІТАП ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА КІТАП ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Жеңіс» саябағында «25 қазан — Республика күні» мерекесі аясында «КІТАП FEST» кітап фестивалі болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.

«КІТАП FEST» — қаламыздың кітап құмар оқырмандарының басын қосатын, мәдени көпшілік іс-шара. Кітап фестивалінің қонақтары қызықтарға толы бағдарламалар, суретті кітаптар көрмесі, кітап алмасу, қаланың ақын жазушылары мен сазгерлерімен кездесу, өлеңдер оқу, кітап дүкендерінің жәрмеңкесі, балаларға арналған ойын сауық бағдарламасын тамашалады. Фестивальдің шымылдығы «Әлия» бала бақшасының кішкентай бүлдіршіндерінің флешмобымен бастау алды. «КІТАП FEST» кітап фестивалінің ашылу салтанатын әнші,сазгер Сауранбек Елеуов және қалалық әйелдер кеңесінің мүшесі, зейнеткер кітапханашы Раушан Тойлақова 24 қазан «Кітапханашылар күнімен», 25 қазан Республика күнімен құттықтап кітап фестиваліне сәттілік тіледі.

Шара барысында кітап көрмесінің таныстырылымы жасалып, оқырмандар өлеңдер оқыды. Кітап фестивалі ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Шәмші Қалдаяқов атындағы республикалық өнер байқауының тұңғыш жүлдегері, әнші композитор Сауран Еркінбекұлы Елеуовтың шығармашылығына арналған «Сазды әуеннің сардары» атты кездесу кешіне ұласты. Шара барысында Сауран Елеуов сұрақтарға жауап бере отырып, өнер , ұстаздық жолындағы қызықты естеліктерімен ой бөлісті. Әнші, сазгер шоқтығы биік әндерінің бірі «Апатайым анашым», Түркістанның әнұранына айналған Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған «Түркістан» әнін және т.б әндерін әуелете шырқады.

 

Пікір жазу