Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

5 маусым – Бүкіләлемдік экологтар және қоршаған ортаны қорғау күні, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай, бүгін аудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Нет описания фото.
Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен аудандық деңгейде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Дарбаза және Жартытөбе ауылдық округтеріне, сонымен Сарыағаш қаласына қарасты орталық және ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау,шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.
Возможно, это изображение 2 человека, дерево и трава
Қоршаған ортаны қорғау бағытында жүргізілген жұмыстарға екі арнайы техника жұмылдырылып, ауылдық округ тұрғындарымен еріктерілер экоакцияға белсене қатысты.
Айта кетсек, Сарыағаш ауданы аумағында жыл басынан қазіргі таңға дейін жалпы 73 сенбілік өткізілген. Сенбілік барысында 500 көше, 161 шақырым аяқ жол, 200 шақырым арық-атыздар, 103 шақырым ирригация жүйелері тазаланды. Сонымен қатар 37- аялдама, 34-саябақтар мен скверлер, 47- спорт алаңшалары әктеліп,сырланды. Сенбіліктер барысында жалпы көлемі 20 000 адам қатысып, 343 — техника жұмылдырылып, нәтижесінде 676 тонна күл-қоқыс арнайы орындарға тасымалданды.
Нет описания фото.
Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, аталған сенбіліктер барысында, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ тарапынан берілген 31 700 түп ұзақ жылдық ағаш көшеттері қала және 13 ауылдық округ аумақтарына егілді. Сонымен қоса, демеушілер есебінен Сарыағаш қаласы және Қапланбек ауылдық округінде 4200 ағаш және гүл көшеттері егілді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу