Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ТҮРКІСТАНДА «МАХАББАТ ЖАРШЫСЫ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «МАХАББАТ ЖАРШЫСЫ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қалалық №9 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен Әзілхан Нұршайықовтың 110 жылдығына орай «Махаббат жаршысы»  атты әдеби-аялдама кеш өтті. Әдеби аялдаманың қонағы болып балалар мен жасөспірімдер орталығының педагогы Жүсіпәлі Айнұр қатысты. Ол кешке қатысушыларды 25 қазан Республика күнімен құттықтап, Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаянын қысқаша айтып өтті. Ал Мектеп кітапханашысы Нишанова Наргиза Әзілхан Нұршайықовтың қыздарға және ұлдарға өсиеттерін айтып өтті.

Аталған шара барысында оқырмандар  Республика күніне орай тақпақтарын мәнерлеп нақшына келтіріп айтса, биші қыздар өзбекше билерін мың бұрала билеп берді. Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Абдуманапова Гүлмира оқырманды кітап көрмесімен таныстырып, Әзілхан Нұршайықовтың қай шығармасын алсақ та әділдікке, еңбекшілдікке тәрбиелейді. Оның әрбір туындысы өмірден алынған, ащы шындық, екенін атап өтті.

Айта кетейік, Нұршайықов Әзілхан (15.12.1922 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Келінсүйегі деген жер (Ақбұзау ауылы — 2011 жыл)) – ҚР халық жазушысы.

Қалың көпшілікке етене жақын «Махаббат қызық, мол жылдар» романы (1970) мен «Ақиқат пен аңыз» роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығар­ма­шы­лығының шырқау биігі саналады. Өлмес туындының алғашқысында жастардың қайнаған жастық өмірі туралы баяндалған, бұл роман оқырманның, әсіресе жалынды жастардың ерекше сү­йіп оқитын махаббат гимніне айналды.

Ә. Нұршайықов Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980), А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық — күміс медалінің (1987) иегері. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» (1957), «Халықтар достығы» (1984), 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» (1995) медалімен марапатталған.

 

 

 

Пікір жазу