Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қалалық тәжірибелік семинары өтті. «Мектепке дейінгі ұйымда ақпараттық технология әдістері арқылы балалардың білім-білік дағдыларын дамыта отырып, адами және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу» тақырыбына негізделген семинарға Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Айгерім Қуандықова, сонымен қатар, қаламыздағы барлық мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен логопед мамандардары қатысты.
Айта кетерлігі, «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы заман талабына сай «ActivInspire» бағдарламасын қолдану арқылы, Флипчарт әдісімен жұмыс жасайтын балаларға арналған планшеттермен толық қамтылған бірегей балабақша. Семинар барысында тоғыз ұйымдастырылған іс-әрекеттер үш бағытта көрсетіліп, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, логопед маманы және топ тәрбиешілері өз тәжірибелерін көрсетті. Сондай-ақ, зертханалық жұмыстар жүргізіліп, балаларды ғылымға баулудың жолдарымен бөлісті.
Семинар соңында бөлім әдіскері А.Қуандықова өзгерістер енгізілген жаңа үлгілік оқу бағдарламасына тоқталып өтті. Сондай-ақ, озат тәжірибелерімен бөліскен педагогтардың жұмыстарын саралап, оң бағасын берді. Өз кезегінде басқа да қатысушылар ойларын ортаға салып, әріптестерін бөлімнің марапатына ұсынды.

Пікір жазу