Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ШАРУАЛАР БАС ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАНДА ШАРУАЛАР БАС ҚОСТЫ

Түркістан қаласында Қазақстан фермерлер қауымдастығы Түркістан облысы әкімдігімен берлесіп, 400-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен жиналыс өткізді. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік депарментінің мелиорация басқармасының басшысы Медет Жәдігерұлы, Республикалық фермерлер одағының облыстағы филиалының директоры Жүсіп Шәріпов, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұржігіт Мырзахметов және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысып, қалыптасқан өзекті мәселелері талқыланды.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы мен Фермерлер одағы бірлесіп, келер жылы ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдауларға енгізілетін өзгерістерді агроқұрылымдарға тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге,
Мемлекет басшысының сайлау алды бағдарламасын орындау мақсатында 5 жыл ішінде ауылдарды жаңарту туралы ерекше назарға алынып, іс – шаралар жасалып, жүзеге асыруға, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық фермерлер қауымдастығымен тығыз қарым – қатынаста жұмыс жасай отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұрақты мемлекеттік қолдаулар көрсететіндігі айтылды.
Сондай-ақ агроқұрылымдардың ауыл шаруашылығы саласына сіңірген еңбектері еленіп, облыстың 88 агроқұрылымдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы үздігі» және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Биылғы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 996,3 млрд. теңгені құрап, тиісті кезеңнен 132,3 млрд. теңгеге артты. Республикадағы үлесі 11,4 % — 3 орын. Ауыл шаруашылығында 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 2 889,7 мың теңгені құрап, тиісті кезеңнен 118 % артты. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 59,8 млрд. теңгеге инвестициялар тартылып 112,6 % ұлғайды. Тамақ өндірісіне 7,2 млрд. теңге инвестиция салынды. Ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды.
Нәтижесінде дәнді дақылдар өткен жылмен салыстырғанда
190 мың тн. артып, 777 мың тн. Көкөніс, бақша 120 мың тн. артып, 3 млн. 245,5 мың тн., жеміс-жидек, жүзім 22 мың тн. артып, 222 мың тн. өндірілді. Облыста қарқынды баулардың көлемі 4,7 мың гектарды құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баулардан 300-350 центнерден өнім жиналды. Шитті мақтаның түсімділігі гектарынан 27,4 центнерден 346 мың тн. жиналды.

Пікір жазу