Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗ МҮШӘЙРАДА ТОП ЖАРДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗ МҮШӘЙРАДА ТОП ЖАРДЫ

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №28 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арқалық Әмәлият республикалық мүшәйрада топ жарды.  Нақтылап айтқанда, Шымкент қаласында өткен Кеңес Одағының батырлары «Қазақтың қос батыры» – генерал Сабыр Рахимовтың 120 жылдығы мен Тоғанбай Қауымбаевтың 100 жылдығына орай республикалық «Өшпейді мәңгі батырлардың есімі» тақырыбындағы жазба ақындардың жыр мүшәйрасының бас жүлдесін жерлесіміз қанжығасына байлады.

«Жүлдеден бұрын республиканың әр түпкірінен келген ақын достармен арқа-жарқа болып, қуанып қалдық. Әдебиетті, өлеңді сағынып тұратынымыз біліне қалады осындайда. Таңнан кешке дейін зыр жүгіріп, қамымызды жасаған ұйымдастырушы ағай-апайларымызға да алғысымыз шексіз. Есте қалар осы күн осында естелік болып, жыл сайын есімізге салып тұрсын, жеңісті күндеріміз көп болсын» – дейді ақын.

Еске сала кетейік, Арқалық Әмәлият 1998 жылы 10 наурызда дүниеге келген. 2017 жылы Түркістан облысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға түскен. 2020 жылы оқуын сәтті аяқтап, Түркістан қаласы №28 мектеп-лицейіне қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.

Ақын-ұстаздың «Ұмытшақ көткем» жыр жинағының авторы. «Құдай жайлы ойланатын қала» антологиясына өлеңдері енген. Республикалық, облыстық шығармашылық байқаулардың жеңімпазы.

Ү. БАҒДАТ.

Пікір жазу