Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ҚАЛАЛЫҚ СОТТАР 2022 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАЛЫҚ СОТТАР 2022 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Шымкент қалалық соттың алқа төрғалары Мұхтар Пәрменов, Низамиддин Жамашов және Гүлмира Қыдырбаева өткен жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, сот төрелігінің іске асырылуы туралы баяндады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы М.Пәрменовтың сөзінше, 2022 жылы Шымкент қаласының аудандық соттарына жалпы 28 240 іс пен арыз түскен. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шағымдар 8 пайызға өскен. Азаматтардың арызы бойынша 19 277 іс қаралып, 9 796 іске шешім шығарылған. Осы көрсеткішті 2021 жылмен салыстырғанда 135 шешімге немесе 1,4 пайызға артып отыр.
–Мұндай өсім қала халқының жылдан-жылға көбеюмен тікелей байланысты. Тұрғындар саны артқан сайын, соттарға түсетін іс пен арыздар саны артады. Әсіресе, банктің қарыз шарттары мен отбасылық даулар жөнінде арызданғандар көбейген. 2022 жылы банк келісім шарттарынан туындаған дау 9 790 іске жетіп, жалпы түскен арыздың 34,7 пайызын құрайды. Ал, неке дауы бойынша 6 801 іс түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға өсті. Оның ішінде 70,3 пайызы (4 781 іс) неке бұзу туралы іс болған, — деді Мұхтар Абайұлы.
Алқа төрағасы сотта татуластыру рәсімдеріне де тоқталды. 2022 жылы 5 426 іс татуласумен, оның ішінде 2 535 іс медиация, 245-і бітімгершілік және 11 іс келісім жолымен аяқталыпты.
Былтырғы жылдың қылмыстық істерін қарау барысында сот төрелігін жүзеге асыру жайын қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Низамиддин Жамашов баяндады.
2022 жылы қалалық сотта 2 631 тұлғаға қатысты 2 275 іс қаралған. Сонымен бірге, 1 409 іс қылмыстық соттың өндірісіне түсіп, 1 655 тұлғаға қатысты үкім шығарылған. Оның 1 614-і сотталып, 23 азамат ақталып шыққан, 18 адамға медиациялық шара қолданылыпты.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 1703 әкімшілік талап қою арызы түскен. Бұл жөнінде Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлмира Қыдырбаева мәлімдеді.
Қаралған әкімшілік істердің 573-і шешім қабылдаумен аяқталған. Оның 266-ы талапкердің ісі ішінара қанағаттандырылып, 172 әкімшілік іс тараптардың медиация келісімімен соңына жеткен.

«Шымкент келбеті»

Пікір жазу