Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Арыс қаласында ережесіз жекпе-жектен ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті.
Шараның ұйымдастыруылына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік аралас жекпе-жек федерациясы және «Arys Fight» аралас жекпе-жек клубы атсалысқан.
17-19 ақпан күндері өткен турнирге өңірдегі 300-ге жуық спортшы қатысты. MMA турниріне әскери самбодан 4 дүркін Әлем чемпионы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспанов пен бокстан Әлем чемпионы Біржан Жақыпов бастаған спорт майталмандары мен жанашырлары құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Командалық есепте турнир қорытындысы бойынша Түркістан облысының №5 спорт мектебінің сайыпқырандары 17 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен I орынды иеленді. Сондай-ақ арыстық спортшылар 13 алтын, 10 күміс, 6 қола медальмен II орынды, ал түркістандық спортшылар 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен III орынға тұрақтады. Жүлделі орын иегерлеріне диплом мен медаль табысталды. Бірінші орынға — 500 мың, екінші орынға — 150 мың, үшінші орынға — 50 мың теңге демеушілердің атынан қаржылай сыйлықтар үлестірілді.

Пікір жазу