Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕ МӘЖІЛІС ӨТТІ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі-терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Илхам Абулхайровтың төрағалығымен кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжіліске облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының мүшелері және қала, аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары, құзырлы мекемелердің өкілдері қатысып, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес, «Созақ, Сауран аудандары мен Түркістан қаласының ТҚК жұмыс топтарының 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есептері» бойынша тиісті аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары баяндады.
«Түркістан облысында балалар мен жастардың жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыруға, патриотизм мен ұлт жанашырлары ретінде тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар» аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Е.Бектаев хабарлама жасады.
Мәжіліс соңында аудан, қалалық деңгейдегі ТҚК жұмыстарының сапасы жөнінде мәселелер талқыланып, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытында сала басшылары мен жергілікті деңгейдегі топ жетекшілеріне оңтайлы шешімдер мен жүйелі шараларды үйлестіру жөнінде тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу