Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ 13 ТҮРЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ

АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ 13 ТҮРЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 184 мыңнан астам азаматты құрайды. Бүгінгі таңда азаматтарға әлеуметтік төлемдерге қатысты мемлекеттік қызмет көрсетудің 13 түрі бойынша қызметтер көрсетілуде. Осы және өзге де зейнетақы жүйесі саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзге де мәселелер бойынша Шымкент қаласы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы Б.Өнербаевтың қатысуымен өткен брифингте кеңінен түсіндіріп өтті.
2022 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың және қайта қаралған төлемдердің саны – 166 398 құрайды.
Оның ішінде:
Жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылар саны – 80 044;
Қайта қаралған зейнетақы мен жәрдемақылар саны –86 354.
2022 жылы 33 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден және 2166 мемлекеттік кепілдік төлеуден бас тартылды.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылып, есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу және заңсыз тағайындалған төлемдер жоқ.
210 іс құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданды.
Жыл сайын 300 мыңнан астам жас еңбекке қабілетті жасқа жетеді. Қазақстанның еңбек нарығының болашағын жастар айқындайды. Қазіргі уақытта олар жұмыспен қамтылғандардың 60% — ын құрайды, ал 2030 жылға қарай олардың үлесі Қазақстанның барлық жұмыс күшінің 80% — ынан асады.
Осы мақсатта әлеуметтік лифтілер жүйесін құру және жастарды қолдау бағдарламаларындағы тәсілдерді қайта қарау қажет.
Қолдау шараларының бірі Мемлекет басшысының жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5% — дан жеңілдетілген шағын несие беруі болады.
Қазіргі уақытта берілетін гранттар сомасы жастардың, әсіресе стартаптар үшін барлық жағдай жасалған мегаполистер мен облыс орталықтарында өз ісін ашуы үшін жеткіліксіз екенін мойындау керек.

Пікір жазу