Түркістан облысы Республикамыздағы озық технологиялармен терең қопсыту, интенсивті бау, жылыжай салу, тамшылатып суғару әдісін еңгізу бойынша алдынғы қатарда. Сондықтан ауылшаруашылығының ұдайы дамып отыруы аса маңызды. Бұл ретте, көшбасшы елдердің қатарындағы Израиль технологиясын енгізу аграрлық салада орын алған бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Көпжан Сәдібеков – Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы: Израилдік технологиялар тамшылатып суару бойынша мықты дамыған. Соларды көріп білісіп, ауыл шаруашылығына пайдаланып, оны дамыту мақсатында форумды өткізіп отырмыз. Форумда ірі 4 жобаны ұсындық..
Израиль тамшылатып суарудағы өзіндік жүйесімен белгілі. Бұл елде шаруашылық өніміне арналған автоматтандырылған технология кеңінен қолданылады. 1950 жылдан бері Израиль ауыл шаруашылық мақсатындағы өзіндік ғылыми жетістіктерінің нәтижелерін экспорттау бойынша белсенді атқарып келеді.
Лиат Вексельман — Қазақстандағы Израиль мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі: Мен Түркістанға келгеніме өте қуаныштымын. Климаты жағынан ауыл шаруашылығы өте қолайлы, табиғаты тамаша екен. Біз мұнда Израйльдан 10-нан астам делегат, белгілі ірі компаниялар өкілдерімен ерекше жобаларды ұсынып жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер Израйльдің озық үлгідегі технологиялары Түркістанның ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға ниеттіміз.
Игорь Фетисов — Odis Filtering компаниясының өңірлік менеджері: «Odis Filtering» әлемдегі ең үздік алдыңғы қатардағы компания болып есептеледі. Біз мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындармен тығыз байланыстамыз. Сондай-ақ, 50 астам елмен бірлесіп, ауқымды жобалармен жұмыс істейміз. Бүгін өз жобамызды ұсындық. Ортақ келісімге келсек, Түркістан облысының ауыл шаруашылығыныңа дамуына ат салысамыз.
Түркістан облысы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімінің 12 %-ын өндіреді. Мәселен, мақтаның — 100 %, жүзімнің — 72 %, бақшаның – 60 %, жеміс-жидектің 36 % пайызы өңірге тиесілі. Ал, жалпы өндірілген өнімдер бойынша суармалы жер көлемі 468 мың га құрайды. Аталған елдің технологиясы қолданысқа енсе, су шығыны азайып, өнім 2-3 есеге ұлғаяды деген үміт бар.