Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУІ ӨТТІ

Облыстық «Фараб» кітапханасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен ІІІ республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Байқауға 14 ауданнан жас таланттар қатысып, ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу және жатқа айту бойынша бақ сынады. Әділ қазылар алқасы қатысушылардың көркем оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахна мәдениетіне ерекше көңіл бөлді.
Бұл байқау – Шәкәрім мұрасын дәріптеу, жас буын арасында қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту мақсатында ұйымдастырылған маңызды мәдени шара.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды. ІІІ орын Түркістан қаласынан қатысқан Қалыбек Айзереге, ІІ орын Төлеби ауданының намысын қорғаған Үшкемпір Аяулымға, І орын жетісайлық Қойшыбай Ұлжанға бұйырды. Ал бас жүлдені Кентау қаласының қатысушысы Қанатұлы Нұрболат иеленіп, байқаудың финалына жолдама алды.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Енді олар алдағы республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды. Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Пікір жазу