Түркістан өңірі тұнып тұрған тарихи жәдігерлерге толы. Соның бірі — Тарихы орта ғасырларлық көне қала саналатын Отырар қаласы.
Қазіргі Отырар ауданының аумағында орналасқан қала және ондағы тарихи жауһарлар жөнінде оқырмандарға мағлұматтар ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Қаракөншек қалажұрты, I-XII ғғ. (археол). Шәуілдір ауылының оңтүстік шетінде, Арыс өзенінің оң жағалауында тұр. Географиялық координаттары 42Т448460 UTM 4735889. 1948-49 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1969-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген. Үшбұрыштанып келген төбенің көлемі: оңтүстік-шығыс жаны 180, оңтүстік-батыс жаны 160 м, солтүстігі – 190 м, биіктігі-15 м, төбесінде 75х60 м болатын дөңгеленген алаңы бар. Төбедегі қазіргі заман молаларынан шыққан топырақ ішінде қара және кызыл ангоб жағылған, жылтыратылған сырсыз керамиканың біраз үлгілері кездеседі. Қала орнының территориясында 3100 дана шағатайлықтар соққан күміс теңгелердің көмбесі табылған. Материалдар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық — музейі мен Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларында сақтаулы.
Дереккөз: www.otrarmuseum.kz