Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі – лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер участкесін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де орын алуда.

Елімізде 18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршаға мәлім. Бұл заң сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл сала­сындағы қоғамдық қатынас­тарды реттейді және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға бағытталған. Осы заңмен мемлекеттің сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлес­тіретін тиісті уәкілетті орган аны­қ­талды. Бұл – мемлекеттік ор­ган­дар, квазимемлекеттік сект­ор субъек­тілері, қоғамдық бірлестіктер және басқа да жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сияқ­ты сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимылдың жаңа институттары енгізілді.

Жалпыға мәлім, Мемлекет бас­шысының Жарлығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қағидалары бекі­тілді. Сондай-ақ, оған қоса Мемле­кеттік қызмет істері минис­трі­нің бұйрықтарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне іш­кі талдау жүргізудің үлгілік қағи­далары, сондай-ақ, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді. Аталған бұл тетіктер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет.

Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сондықтан, Призидент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

Сот және құқық қорғау ор­ган­дарындағы сыбайлас жем­қор­лықтың алдын алу мақсатында судьяларға қойылатын талаптарды күшейту үшін заңнамалық шаралар қабылданды. Олардың қатарына: судья болуға кандидаттарды дайындау және іріктеу; жоғары судьялық лауазымдарына кадрлық резервті қалыптастыру және олармен жұмыс жасау; судьялардың қызметі мен жауапкершілігін бағалау және т.б. жатады. Мәселен, 2015 жылдың желтоқ­санында судья лауазымына білік­тілік талаптары мен кандидаттарды іріктеу тетіктері күшейтілді. Атап айтқанда, Ұлт Жоспарының 18-қадамын іске асыру аясында Жоғарғы Сот жанындағы Сот тө­релігі академиясы құрылды.

Ал 2015 жылғы 29 қазанда персоналды іріктеу ресімдерінде меритократия, ашықтық және әділдік қағидатын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының кадр саясатында жаңа әдістемелер енгізілді. Осылайша, жоғары лауазымға жылжыту, кадр резервін қалыптас­тыру, қызметкерлерді аттестат­тау және аудару кезінде әрбiр кан­дидат заңнаманы білу сына­ғы­нан, психометриялық және поли­графиялық зерттеуден, сұхбат­тасу­дан өтеді, ситуациялық есептерді шешеді, физикалық нормативтерін тапсырады. Сөйтіп, осы кезеңдердің қорытындысымен әрбір қызмет­кердің  және қызметке кәсіби бейімі, бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері анықталады. Бұл тиісті нормативтік-құқықтық актілер әрбір құқық қорғау органында қабылданған және қолданысқа енгізілген.

Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауып қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.

 

Эльмира ҚАЛЫМБЕТОВА,

Абай аудандық сотының судьясы.

 

 

Пікір жазу