Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл» ұғымының мазмұны «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі» ретінде ашылады.
Ал «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі»
Әскери қызметтегі сыбайлас жемқорлық құқыққа қарсы жасаған іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға өкілеттік лауазымын пайдалана отырып заңға сәйкес немесе заңға қарсы олардан пайда көру мақсатында (ақша, бағалы заттар, өзге мүлік, мүлікке құқық немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде жеке өзі немесе делдал арқылы) алу.
Әскери қызметкер, басқа мемлекеттік лауазымдар сияқты, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық, азаматтық құқық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл классификациясының негізгі анықтайтын элементі қоғамға келтіретін қауіп-қатер деңгейі, сол бойынша заң бойынша жауапкершіліктің түрлеріне шектеу қоюға мүмкіндік береді және талапқа сай санкция анықталады.
Әскери қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаудың негізгі кезі болып, мемлекеттің не қоғамның мүдделеріне қарамастан оның пайдакүнем мақсатындағы, әскери қызметкердің өзінің өкілетті лауазымын пайдалану болып табылады.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық рейтингін анықтау кезінде қылмыстың ауырлығын және қоғамға әсер ететін қауіптілік дәрежесін ескеру қажет.
Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі кез келген ұсақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол беруге болмайды деп санайды және мұндай жағдайда нөлдік төзімділікке тәрбиелейді.
Әскери ортадағы сыбайлас жемқорлық деңгейі Қарулы Күштерге мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Құрылған гарнизондық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялар Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жаңа серпін береді.
Жергілікті әскери басқару органдарында (әскери комиссариаттарда) сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен шарттары жойылуда. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бірінің базасында әскери есепке қоюдан бастап әскери билетті алуға дейінгі барлық қызметтерді электронды түрде көрсетуді көздейтін пилоттық жоба құрылды. Аталған жоба пысықталғаннан кейін мұндай тәсіл барлық жерде енгізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың Қарулы Күштерге деген сенімін арттыруға бағытталған «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.
Әскери полиция бас басқармасының құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма құрылды. Ол ең алдымен, сыбайлас жемқорлық себептерін анықтай отырып, осы салада терең талдау жұмыстарын жүргізеді.
Бөрлібай КАИПОВ,
Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы.