18 млн. қазақстандықтан сотқа жылына 1 млн. 300 мыңға жуық арыз түседі. Яғни әрбір 4-ші азамат бір-бірімен соттасып жүр. Әрбір 3-ші отбасының шаңырағы шайқалып, некелері бұзылуда, бұл да өз кезегінде ондаған мың баланың жетім қалуына әкеп соқтырады. Алайда судьялардың сөзінше, соңғы жылдары араздасқан тараптарды татуластыру мақсаты қолға алынып, бітімгерлік судья деген жаңа лауазымды заңгерлер пайда болған.
Бүгінгі күні елімізде дауларды сотқа дейін шешу, бітімге келу, татуласу, медиация сынды ізгілікті заң тетіктері оңтайлы жұмыс істуде. Бұл тұрғыда тиісті заңдар толықтырылып, дауды баламалы түрде шешу тәсілдерінің көкжиегі кеңейтілді. Құқықтық институт дүниежүзінде кеңінен қолданылады. Билер институтының басты мақсаты дауласқан тараптарды татуластырып, залалдың орнын толтыру, яғни, келіспеушілікті ушықтырмай шешу.
Медиация институтының дамуына Жоғарғы Сотта айрықша басымдық берілуде. Төрағаның бастамасымен республикамыздың бар өңірінде татуласу орталықтары ашылды. Оларда арнайы мамандар жұмылдырылып, халықтың құқықтық сауатын арттыруға белсенді атсалысуда.
Жоғарғы Соттың «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасына сай жүзеге асып жатқан «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының нәтижесі бұл күнде жоғары. Әсіресе, дау шешудегі таңдау тараптарға берілуі өзін-өзі ақтауда. Мәселен, талап арыз қабылданғаннан кейін судья, яғни, талап қою соттың іс жүргізуіне алынғанға және істі қозғағанға дейін тараптарды татуласу рәсіміне қатысуға шақырады. Келіскен жағдайда тараптар татуласу рәсімінің түрін таңдап, ол туралы өтінішхатта көрсетеді. Бұдан соң судья азаматтық істі қозғау, істі сот талқылауына дайындау, тараптың өтінішхаты болған жағдайда қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарым шығарып, татуласу рәсімін өткізеді.
«Даулардың сотқа дейінгі реттелуі – тараптардың іс-әрекеттері туындаған келіспеушіліктерді сот органдарының қатысуынсыз шешуге бағытталған, туындаған жанжалды реттеудің тиімді және мәдениетті құралы болып табылады. Бітімгерлік рәсімдерді дамыту – бұл заң үстемдігін қамтамасыз ету қағидатын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі, орталықта азаматтар келіссөздер, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, атқарушы жазбалар, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібінің ерекшеліктері, артықшылықтары туралы түсіндірулер алады. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол жерде көрсетіледі.
Сонымен қатар, 21 қаңтар 2019 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын, заңмен соттардан дауларды қамтымайтын істерді шығаратын бірқатар нормалар енгізілгенін, бұл сот орындаушыларының іс-әрекеттерін санкциялау, бірқатар даусыз талаптарды нотариусқа беру және тағы да басқалары бұл соттардағы жүктемені азайтуға және судьялардың назарын шын мәнінде күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік береді.
Республикалық Кәсіподақтар федерациясы және Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге өңірлерде Сотсыз татуласу орталықтарын құруда. Онда кәсіби медиаторлар және басқа да мамандар жұмыс істеуде.
Олардың міндеті – келіссөз жүргізу, екі жаққа қолайлы, көңілге қонымды шешім іздеу және ұсыну. Татуласудың басты артықшылығы – ол тек дауды реттеп қана қоймай, сонымен бірге қарым-қатынасты сақтап, қалпына келтіреді. Тараптар өз еркімен, саналы түрде ортақ келісімге келеді. Медиаторды әрбір адам өзі таңдаған соң жемқорлыққа да жол берілмейді.
Екі жақ та қаласа, сот татуласу процесін бастау үшін істің қаралуын кез келген сатыда тоқтата алады.
А.КӨШКІНБАЙ,
Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының бас маманы.