Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 13 000 ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАДЫ

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 13 000 ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАДЫ

Биыл Шымкентте 13 000 қала тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырады, деп хабарлайды Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілетеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың қорытындысымен 24 779 қала тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырды.

Осы жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын тауып келеді. Яғни, бекітілген көрсеткіштерге сәйкес, 2022 жылы 13 000 астам қала тұрғындары оқудан өтетін болады. Бүгінде, 13 000 адамның 1800-ге жуығы оқыту курстарынан сәтті өттті. Оқу курстары қазіргі таңда қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған порталында «i-shymkent.kz» қол жетімді.

Оқу келесі бағыттардан тұрады:

  1. «Базалық дағдылар» (Дербес компьютерменғ, ноутбук, мобильді құрылғылар, интернетпен сенімді пайдалану, «MS Office» нұсқаулығы , «Windows 10» — де тапсырмалар тақтасын пайдалану);
  2. «Е-коммерция» (Веб-сайт түрлері және олардың артықшылығы, веб — сайтты жылжыту (SEO), Instagram мақсатты баптау негіздері, SMM — жылжыту);
  3. «Ашық үкімет» порталы (Ашық бюджеттер, ашық деректер, ашық диалог, ашық НҚА);
  4. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» (Киберқауіпсіздік, алаяқтық схемалардың түрлер, дербес деректерді қорғау);
  5. «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» вэб — порталдары (Egov.kz, Мобильді азаматтар базасында тіркелу жөніндегі нұсқаулық, Электрондық қызметтерді алу).

Басты мақсат: тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық заманда электрондық қызметтерді үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға дағдылану және алаяқтықтан сақ болу.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады.

 

 

Пікір жазу