Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖҰМЫСШЫ БОЛУ – ТАҢДАУ ЕМЕС, БАТЫЛДЫҚ!

ЖҰМЫСШЫ БОЛУ – ТАҢДАУ ЕМЕС, БАТЫЛДЫҚ!

Бүгінгі заманда кім болуды армандайсың? Блогер ме, вайнер ме, әлде кеңседе отыратын қызметкер ме? Бірақ бір сәт ойланшы: елді асырап отырған – жұмысшы адам!
Ордабасы ауданында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, кәсіподақ төрағасы Қайрат Төлебаевтың бастамасымен 10 ауылда еңбек адамымен жүздесу өтті.
Кездесуде қарапайым жұмысшы мамандық иелері сөз сөйледі. Олардың әрқайсысының артында – маңдай тер, табанды еңбек, қоғамға қосқан нақты үлес жатыр. Олар оқушыларға:
️ “Білікті электрик, дәнекерлеуші, механик, құрылысшы – нағыз батыр!” – деді.
Кездесулерде еңбегімен ел құрметіне бөленген азаматтар марапатталып, жастарға жұмысшы мамандықтарын таңдауға кеңес берілді.
Есіңде болсын: Тек жоғары біліммен емес, нағыз кәсіппен де биікке жетуге болады!
© Didarbek.kz

Пікір жазу