Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » Түркістанда Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығына орай іс-шара өтті

Түркістанда Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығына орай іс-шара өтті

Түркістан қалалық №7 кітапхана –филиалында жазушы  Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығына орай «Сафуан Шаймерден-әдеби тұлға» атты әдеби сағат өтті. Әдеби сағат барысында  белгілі жазушы Сафуан Шаймерденовтың  өмірі мен шығармаларына тоқталып өтті.

Сондай-ақ Сафуан Шаймерденовтың  шығармаларының терең  иірімдері  мен жұмбақ құдіреттілігі тағдырдың талайы соқпағынан  өткен адамдар жан дүниесіндегі қат-қабат сырлармен астарласып жату жазушы шығармаларының негізгі арқауы екені баяндалды. Оқырмандардың ілтипатына  бөленген алты томдық шығармалар жинағы, «Битабар балуан», «Селдің екпіні», «Ағалардың алақаны»  жинақтарына библиографиялық шолу жасалды. Сафуан Шаймерденовтың Л.Н.Толстойдың «Альберт» повесін, Р.Тагордың «Күйреу» романы, «Алтын сағым» повестерін қазақ тіліне аударған жайлы әңгіме өрбіді.

Жазушының шығармашылығын кәсіби түрде зерттеп, са­ра­­ла­ған әдебиетшілер төртке бөліп қарастырады: біріншісі – көркем әдебиет, екіншісі – драматургия, үшіншісі – сын, төртіншісі – аударма. 1953 жылы «Болашаққа жол» атты алғашқы романы жарыққа шыққан. Бұл шығарма кейін «Инеш» деген атпен орыс тіліне тәржімаланды. «Қайдасың, Зарина?», «Қыр гүлі», «Әнім сен едің», «Марғау», «Төрт бойдақ, бір қыз», «Өкіл әке», «Түйе көтерген», «Аруана дүние» пьесалары көптеген қазақ театрларының саханасында қойылып келеді.

Сафуан Шаймерденовтің ерекше көңіл қойып зерттеген дүниесі аударма мәселесі. Аударма саласы жайлы жан-жақты ой қортып, ұзақ жылғы тәжірбиеден шыққан түйіндерін талқыға салып, әртүрлі салыстырмалы пікірлерін қалдырды. Үнді жазушысы Р.Тагордың «Күйреу», «Гәуірмақан» романдары мен «Алтын сағым» деген атпен жарық көрген әңгімелер жинағын, Л.Толстойдың «Альберт» повесін, беларусь драматургі А.Макаеноктың «Трибуналын», француз компазиторы Эрве мен драматург А.Мильяждың «Түлкі бикеш» комедиясын аударды. Мысалға үнді жазушысы Р. Тагорды аудару үшін Индия халқының тұрмыс, салт-са­насымен танысып, қанша жыл деректер жинаған. Мәскеуден шығатын «Индия» журналын алдыртып, түгелдей дерлік танысып шыққан. Аудармаға осындай мол дайын­дықпен, жауапкершілікпен отырған. Тіл бі­лумен ғана шектелмей, өзі аударып отырған шығар­мадағы халықтың тұтас тағдырымен танысып, сол жайлы мағлұматқа қа­нығып барып ары қарай тәржімалауға көшіпті. «Күйреуді» болсын, басқасын болсын жұрттың жылы қа­был­дағаны осыдан болса керек. Жазушының көр­кем аудармалары жайлы сыншы Жұмағали Смағұлов зерттеп, жаз­ған екен.

Одан бөлек, №8 кітапхана-филиалы жазушы Сафуан Шаймерденовтың  өмірі мен шығармаларына арналған «Жақсының аты өлмейді» атты портреттік кеш, №2 кітапхана-филиалы «Сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер» атты ақпараттық сағат ұйымдастырды.

Айта кетейік, Сафуан Шаймерденов — көрнекті қаламгер, драматург, Қазақстанның халық жазушысы.  Оның əдеби мұрасы ұлттық əдебиетімізде қайталанбайтын қолтаңбасымен, көркемсөз өрнектерінің шеберлігімен ерекшелетіні анық.

 

Пікір жазу