Бүгін Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебінде «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбындағы Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған онкүндік іс-шарасының жабылу салтанатына өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Тіл жанашырларының басын қосқан алқалы жиынның шымылдығын Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова ашып, тіл жанашырланың атқарған жұмыстарына оң бағасын берді.
«2018 жылы тілімізге арналған мерекелі күн 5-қыркүйекке яғни ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне ауыстырылған болатын. Мерекенің мән-мағынасына келсек, Ахмет Байтұрсынұлы десе, тіл, ана тілі дегенде, Ахмет атамыз ойға оралады. Тағзым мерекесі, құрмет мерекесі ретінде бұл күннің мазмұны арта түсті десек қате айтқандығымыз емес. Айтулы күнмен баршаңызды құттықтаймын», — деді Оразкүл Шайхықызы.
Мерекелік күнге арналған кештің негізгі бөлігінде сахна төрінде патриоттық әндер шырқалып, оқушылар мен ұстаздар тіл туралы жан тебірентер өлеңдер оқыды. Тағылымды шарада ана тілінің дамуы мен өркендеуіне атсалысып жүрген ұлағатты ұстаздар марапатталды.
Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап) 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды.
Жалпыхалықтық атаулы датаны туғанына 150 жыл толған Ахаңның мерейтойына орайластыруында үлкен мән бар. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор.