Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » Түркістан: Қазығұрттық кәсіпкер аяқ киім өндіріп жатыр

Түркістан: Қазығұрттық кәсіпкер аяқ киім өндіріп жатыр

Түркістан облысының оңтүстік шығысында орналасқан Қазығұрт ауданының экономикалық ахуалына тоқталайық. Ауданда 62 елді мекен 13 ауылдық округ орналасқан.  Ауданда шешімін таппаған бірқатар мәселелер бары анық. Биыл ауданды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен  300 млн. теңге қаралды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Былтырғы жылы 30 млн. теңге, 2023 ж. –270 млн. теңгені құрап отыр, деп жазады aimak.com.kz-ке сілтеме жасаған didarbek.kz.

Сонымен қатар аудан экономикасына ауылшаруашылығы басым бағыт бола алады. Ауданда ­жалпы 15 өнеркәсіп орны жұмыс жасайды. Қазіргі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған (1.«Асыл бастау.kz» ЖШС-ның «AQUA THE BEST» атауымен 0,5, 1,0, 5 және 19 литрлік ыдыспен ауыз су өндірісі, 2.«CG Foods Central Asia» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі, 3.«Көрік ШҚ» ЖШС-ның «Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығару» өндірісі, 4.«Отырабат-Құрылыс» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі, 5.«ЮКГУ» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі).
Сонымен қатар, Қақпақ ауылы округіне қарасты Заңғар елдімекенінде орналасқан «Ынтымақ» СТК-нің жалпы құны 700 млн. теңгелік 1,3 МВт/сағ. кіші су электр станция жобасы іске қосылу жоспарлануда. Бүгінгі таңға жер учаскелері тегістеліп, ғимараттың құрылысы аяқталуда.

Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саласы айтарлықтай қарқынды. Бүгінгі таңда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 11 033 бірлікті құрап, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 10 884 бірлікке жетіп, жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 98,6% құрады. Бұл жақсы көрсеткіш. Осы бағытта ауданымызда 15303 адам жұмыспен қамтылып, олардың өндірген өнім көлемі 60 007,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,9% артты. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдау құралдары арқылы ауданымыздағы шағын және орта бизнестің дамуына және жаңадан ісін бастаған кәсіпкерлерге бірінші кезекте жеңілдетілген несие қажет. Жалпы қаржы ұйымдары арқылы 2022-жылы 8 айда 4253 тұлға 2897,8,0 млн. теңгеге несиелендірілді.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің рөлін күшейтіп, оның ел экономикасындағы үлесін 2025-жылға қарай 35 пайызға дейін жеткізу міндетін қойған болатын. Бұл бағытта «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бастау алған. Бүгінгі күнге жалпы құны 40,0 млн. теңге көлемінде кәсіпкерлік бағытындағы 1 жобаға несие берілді. Қажетті несиемен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табатын болады.
өткен жылы  жалпы құны 5,3 млрд. теңгелік, 503 жұмыс орнын құрайтын 16 ірі, 49 орта және шағын жобалар іске асыру қарастырылып отыр. Осы жобалардың кезең-кезеңмен іске асыру үшін тиісті қолдаулар көрсетілетін болады.
Анықтама:
1. «Сау ас» ЖШС-ның құны 1443,0 млн.теңгелік, 32 жұмыс орнын құрайтын 4 га өнеркәсіптік жылыжай құрылысы жобасы.
2. «Қазығұрт нұры» ЖШС-ның құны 78,0 млн. теңгелік, 5 жұмыс орнын құрайтын 1 га жылыжай жобасы.
3. «Ынтымак» СТК-ның құны 700,0 млн. теңгелік, 7 жұмыс орнын құрайтын қуаттылығы 1,3 МВт/сағ кіші ГЭС жобасы.
4. Сонымен қатар, жалпы құны 754,0 млн. теңгелік 49 шағын жобалар.

Бүгінгі таңда, жанар-жағармай құю бекеттеріндегі мұнай өнімдерінің бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе.
Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні аудан аумағында «Аудан әкімінің бағаларды тұрақтандыру бойынша аудандық штаб құру туралы қаулысы» құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге жанар-жағармай құю бекеттеріндегі Аи-92, Аи-93, Аи-95 маркалы бензин, дизельдік отын және автогаз мұнай өнімдеріне қатысты мониторингтік жұмыстар жүргізілді.
Яғни, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №140 «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес (Аи-80 маркалы бензин – 1 литрі үшін 89 теңге, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литрі үшін 205 теңге, дизельдік отын – 1 литрі үшін 295 теңге болып бекітілді), барлық жанар-жағармай құю бекеттерінің иелері мен өкілдеріне мұнай өнімдерінің (Аи-92, Аи-93, Аи-95 маркалы бензин, дизельдік отын және автогаз) шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және негізсіз өсіру деректері орын алған жағдайда, заң аясында дәлелді құжаттармен ЖЖМҚБ-нің иелерінің тәртіптік жауапкершіліктері қаралатынын және айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.

Табиғи газ құбырлары бойынша проблемалар туындауда. Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында газ құбырлары қатып қалып жатыр. Ауыз су құбырлары істен шығып, осы аптада 5 мыңға жуық абонент сусыз қалды. Арыс қаласының бірқатар тұрғындары жылу беру сапасына наразы. Кентау қаласындағы жылу орталығының екі қазандығы істен шықты. Жылу беру маусымында орын алып жатқан осы жайттарға байланысты барлық қала, аудан әкімдеріне аталған кемшіліктерді шұғыл жоюды тапсырамын. Оған жауапты энергетика басқармасының басшысына, Кентау қаласының әкіміне, осы салаға жауапты менің орынбасарыма қатысты қызметтік тексеру жүргізілсін» деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Қорыта айтқанда, жылу маусымына дайындықты мұқият жүргізіп, қажетті инфрақұрылыммен толық қамтуға қауқарсыздық танытқан жауапты сала басшыларының әрекеті мұқият тексерілмек. Орын алған олқылықтар бойынша жауапкершілік те бар. Қош делік, бұл әрекет өзге де сала басшыларына сабақ болып, жұмыс жүйелене түседі деп сенеміз.

Жол жөндеу жұмыстары бойынша  Жеңіс елді мекеніне Ұя өзенінен өтетін көпірді күрделі жөндеу үшін өткен жылы 167,3 млн теңге қаралып, жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға беріледі. «Жігерген-Көкібел» автомобиль жолын орта жөндеу мәселесі көтерілген болатын. Қазіргі уақытта жұмыстарды бастау үшін бюджеттен қаржы қаралып (10 млн. теңге), мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде (жалпы құны – 1 млрд.теңге, 18 шақырым).

Ендігі кезекте, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы қай деңгейде?  Былтырғы жылдың қорытындысымен өнеркәсіп  өнім көлемі 13,6 млрд. теңгені құрады (2021 – 14,1 млрд. теңге)Есепті кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 500 млн. теңгеге төмендеді.

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 23 млрд. теңгені құрап, есепті кезеңмен салыстырғанда 4,7 млрд. теңгеге артты. Осы жылы ауданда 7,6 млрд. теңгеге ірі 6 инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда.

Атап айтқанда: Түркістан ет комбинатының мал бордақылау алаңының құрылысы (4 млрд. тг); «Сау-Ас» серіктестігінің жылыжай кешені (1,4 млрд. тг); «Сапа-2002» серіктестігінің мал сою бекеті (1,1 млрд. тг). 

Айта өтсек,  Қазығұрт ауданына қарасты Жаңабазар ауылдық округінде, жеке кәсіпкер Шыңғыс Мейірқұлов эко теріден аяқ киім тігетін “Qazygurt shoes” кішігірім фабрикасын ашқан. Бүгінде жеке кәсіпкер ересек адамдарға әртүрлі мезгілге арналған аяқ киім өнімін шығарады. Шыңғыс Мейірқұловтың айтуынша, бұл кәсіп ұлттық жоба аясында берілетін қайтарымсыз грант есебінен дөңгелегіп отыр. Күніне 5-6 аяқ киімге дейін тігетін болса, шыққан өнімді ғаламтордағы дүкендер арқылы сатып жатқан көрінеді. Дегенмен қазір, қол астында жұмысшылары жоқ. Кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді көздеп отыр. Күніне 5-6 аяқ киімге дейін тігетін болса, шыққан өнімді ғаламтордағы дүкендер арқылы сатып жатқан көрінеді. Дегенмен қазір, қол астында жұмысшылары жоқ. Кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді көздеп отыр. Биыл мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірқатар қолдаулар көрсетілуде. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша іске асырылатын болады. Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін 9 млн. теңгеге жуық несие 5 жылға дейін беріледі, ал мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 28 млн. теңгеге жуық 7 жылға дейін ұсынылады.

Мемлекет басшысы халықтың әлеуетін арттыру мақсатында экономикалық кеңес өткізді.

«Әрбір аймақтың өз ерекшелігі және «әлсіз тұстары» бар. Өкінішке қарай, әкімдер соны біле тұра, алдағы қиындықтарды уақтылы бағамдай алмайды. Жауапкершілікті өзіне алып, дер кезінде шешім қабылдаудан қашады.

Жаңа жылдан бері Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында 811 адам болды. Соның 730-ын кестеден тыс, яғни табан астында жедел түрде қабылдауға тура келді. Олардың арасында барлық аймақтың тұрғындары бар. Президенттің атына жазылған арыз-шағымдардың саны үш жылда 2 есе өсті» — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

Пікір жазу