Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » Қазығұрт ауданында қарқынды бау шаруашылығы 530 гектарға артты

Қазығұрт ауданында қарқынды бау шаруашылығы 530 гектарға артты

Түркістан облысында 2022 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 30,3 млрд. теңге бөлінсе, биылғы жылы қолдау көлемі 30%-ға артып 40 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының м.у.а. Әлібек Әбдіхалықұлы мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, субсидия – тыңайтқыштарға, жылыжайды жылыту жүйесіне, дақыл өндірісіне, агроқұрылым жұмысын жандандыруға берілмек.
«Облыстың аграрлық секторында 74 мың агроқұрылым жұмыс істейді. Жалпы нарықты азық-түлік өнімдерімен толықтыру, өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 2021-2025 жылға дейінгі кезеңде агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы құны 237,5 млрд. теңгені құрайтын 97 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Осы орайда 2021-2022 жылдары 48,4 млрд. теңгеге 70 жоба іске асырылды. Ал биылғы жылдың 8 айында аталған салада құны 10,6 млрд. теңгеге 26 жоба жүзеге асырылды», – деді спикер.
Бұдан өзге, облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Қазіргі уақытта оның көлемі 5 мың гектарды құрайды. Ал су үнемдеу технологияларын пайдаланатын алқап 30,2 мың гектарға жетті. Технология ағын суды үнемдеумен қатар өнімділікті 2-3 есеге ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.
Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының шаруаларына да мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Аудандағы агроөнеркәсіп кешендері барынша көмек алуда. Одан бөлек аудандағы жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында бүгінде қарқынды бау шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауданда осы арқылы өнімділікті өкіртіп, суды үнемдеу жоспарланып отыр. Жалпы ауданда 2166 гектар жеміс-жидек бауы бар. Оның 800 гектары – қарқынды бау.Қазығұрт ауданында өнеркәсіптік баулар да бар. Яғни, бұрын алма көшеттері егілсе 4-5 жыл жеміс салуын күту керек болатын. Ал қазір заманауи технология бойынша егілген алма көшеттері бір жылдан кейін ақ жеміс бере бастайды. Бұл  барлық жағынан тиімді болып отыр.

Алдағы уақытта да осындай жаңа технологияға көшуге ұмтылыс жасап жатқан шаруашылықтардың қатары көп. Жалпы бүгінде ауданда 530 гектар бау бар, 120 гектар жүзім бар. Оның барлығы тамшылатып суару жүйесімен суарылады.
Дәл осы шаруашылықты дамытуға мемлекет тарапынан ұдайы  қолдау көрсетіліп келеді. Мамандар әрбір берілген тыңайтқыштың жартысы, яғни, 50 пайызы субсидияланатынын айтады. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен көмек болып отыр.

Пікір жазу