Кентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 20 қазан күні мектептерге арналған Халықаралық зерттеулер тақырыбында іс-шара өтті. Бөлімнің инновация жөніндегі әдіскері Ф.Сапарбаева халықаралық зерттеулерге жауапты мамандарды күн тәртібімен таныстырды. Ағымдығы жылдың қазан-қараша айларында Мектептерге арналған PISA халықаралық зерттеуіне таңдалған негізгі мектептер мен алмастырушы мектепер туралы және атқарылып жатқан іс-шаралар туралы тоқталып өтті. Кентау қаласы бойынша «Мектептерге арналған PISA(ПИЗА) халықаралық зерттеуіне Т.Рысқұлов атындағы №24 мектебі таңдалған. Алмастырушы мектептер болып: №1,6,9,14,15, Д.Қонаев атындағы мектептер болды. Сәуір айында бөлімге қарасты 17 мектеп білім алушылардың білім жетістіктерін мониторинглеуге түскенін хабарлады. пән мұғалімдері, әлеуметтік педагогтер, психологтар, тәрбие орынбасарларымен бірлескен іс-шара жоспарын жасап, оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы және қандай жұмыстар атқару туралы толық түсіндірді.
Келесі сөз кезегін информатика пәнінің әдіскері А.Кульбаева: компьютерлік және ақпараттық сауаттылықпен байланысты білім беру бағдарламасының мәнмәтінін және нәтижелерін түсіну үшін, білім беру жүйесіне жағдай жасау, сонымен қатар қазіргі заманда жас ұрпақтың қызметіне дайындығын арттыру бойынша қатысушыларға ақпарат берді.
Іс-шараға қатысушылар сұрақ-жауап алып, ұсыныстар мен ойларымен бөлісті.
«Әдіскердің 10 күндігі» аясында Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәні әдіскері Г.Нысанбаеваның ұйымдастыруымен «Ағылшын тілі сабағында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты-ағылшын тілі мұғалімдерін ағылшын тілі сабақтарында төрт негізгі дағдыларды (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) тиімді дамытуды қамтамасыз ететін әдістер мен әдістер жүйесімен таныстыру. Мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерімен, білімдерімен және ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістерімен бөлісті.
Семинар барысында тілді үйрену аясында оқушы және оқытушының тығыз байланыста болуы, тыңдау және сойлеу дағдыларын дамытудың ынталандыру тәсілдері, сонымен қатар, оқытудың тиімді әрі заманауи құралдарын әзірлеу стратегиясы мәселелері талқыланды. Қорытындылай келе семинарға қатысушылар өтілген әдіс тәсілдер бойынша пікірлерін ортаға салып, үздік және заманауи әдістерді ерекше атап өтті. Семинарға қатысушылар іс-шараның практикалық маңыздылығын атап өтті, семинардың теориялық және практикалық бөлімдерінің ақпараттылығын атап өтті.
Сонымен бірге, Шаштөбе жалпы орта мектебінде ағылшын тілі пәні әдіскері Г.Нысанбаеваның ұйымдастыруымен «Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» тақырыбында қалалық мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинардың ашылуын Умарова Шохиста және Набиева Шохсанам сабақтың ұйымдастыру кезеңінде көңілді көрініспен бастап, «Time to boost students’ engagements through speaking activities» тақырыбында Г.Нысанбаева оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту мақтасында сабақта қолданатын әдіс- тәсілдерімен бөлісті.«Effective teaching methods in modern classroom» тақырыбында Ташпулатова Дилраба сабақта қолданылатын заманауи әдіс тәсілдерін көрсетті. «Improving students’ free speaking skills by using Hi-tech» тақырыбында Насиба Мухамедова оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту мақтасында австралиялық Доминикпен телекөпір ұйымдастырды. «Specific aspects of grammar which are actual nowadays» тақырыбында Гафурова Наргиза қазіргі күнде ҰБТ-да және педагогикалық аттестаттауда кездесіп жүрген қиын грамматикалық тақырыптарды талдап, түсіндірді. «The easiest ways checking tests» тақырыбында Нарзуллаева Лутфия сабақ барысында оқушыларды телефонсыз тестілеудің оңай жолдарын көрсетіп, өз әдіс – тәсілдерімен бөлісті. Кентау қалалық білім бөлімінің ағылшын тілі пәні әдіскері Г.Нысанбаева оқыту семинарын қорытындылап, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тілеп, алғыс білдірді.
Ә. Бөкейханов атындағы №23 жалпы білім беретін мектеп базасында әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес, әдіскердің 10 күндігі іс-шарасы аясында«Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау бойынша жұмыс жүйесі» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.
«Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар;
Теориялық бөлім: Жасөспірімдер мен балалар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу шаралары;
Практикалық бөлім: Оқушылардың аутодеструктивті жүріс – тұрысты оқушыларды анықтау жолдары бойынша «Шындықты адекватты қабылдау» диагностикасы мен «Ертегі терапиясы» жүргізілді.
Практикалық бөлімде жүргізілген іс-әрекеттерге назар аударып, талдау жасалды. Бір сөзбен әдісімен кері байланыс жасалып, дөңгелек үстелден алған әсерімен бөлісті.