Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында, Шардара балалар саз мектебі қызметкерлерімен семинар өтті, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оған Шардара аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық — зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Г.Сабден қатысып, өзгеріс енгізіліп жатқан Заң аясында түсіндірме жүргізді. Яғни жиналғандарға әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойылғанын жеткізіп, қолданысқа енгізілетіні жөнінде хабардар етті.
Сонымен қатар Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қамқорлық” отбасын қолдау орталығының психолог маманы С.Машкаловпен азаматшалардан сауалнама алынды.
Жиын соңында әйелдерге кез келген зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда бірден полицияға арыздану керектігі айтылды.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке толмағандарғажыныстық, эмоционалды және физиологиялық зорлық-зомбылық көрсетулері проблемаға айналып отыр.
Қазақстанда бұл жағдай ауыр, өйткені балалар мен жастар тәрбиесі үнемі реформалау талаптарымен жүзеге асып отыр, яғни білім беру мекемелерінің ,бұқаралық ақпарат құралдарының, жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызыметтері және жас буынның барлық әлеуметтік өмірі өзгеріп отырады. Балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан және қатігездіктен қорғау, оларға қатысты қылмыстың алдын алу шешімі тәртіп аралық сипатты иеленетін маңызды, әлеуметтік мәні бар және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Зорлық-зомбылықты бұлтартпау қызметіне құқық қорғау,қамқоршылық және қорғаншылық қызметкерлері ,әлеуметтік және педагогикалық аймақ өкілдері, медициналық және психолологиялық қызмет өкілдерін жұмылдыру тиіс. Бірақ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және бұлтартпаудың тиімді жүйесін құру және қатігездіктен зардап шеккен құрбандарына көмек көрсету жөніндегі күш кездестірілетін кедергілерге байланысты жүзеге аспай қалып жатады.
Зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?
Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет. Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істеті арыз бермей-ақ қозғалады.
Егер қандайда бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіндігі болмаса анасына, достарына, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефонына қоңырау шалуға болады.