Елімізде «тергеу күні» мерекесінің қалыптасуы 1963 жылдан басталады. Аталған жылдар аралығында, тергеушілер заң үстемдігін нығайтуда қарқынды қызмет етіп келеді.
Осы тұста департамент бастығының орынбасары Асылжан Оспанұлы, басқарма бастығы Жандос Құлмаханұлы бастаған, Түркістан облысының тергеушілері де тындырымды тірлік пен талаптың арқасында жоғары көрсеткіштер қол жеткізіп жатқанын мақтанышпен айта аламыз.
Мәселен өз саласында жетістікке жетіп, еңбектері бағаланған полицейлер қатарында Қазақстан Респбуликасы ішкі істер министрлігінің «Үздік тергеуші» конкурсынан жүлделі орын иемдеген Ерасыл Жақсылықұлы Намазбаев сияқты білікті мамандар көп. Яғни аталған облыс тергеушілері азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде оң нәтижелерді көрсетуде.
Қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы Қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес, істі жан-жақты зерттеп, адам тағдырына деген жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымай келеді.
Тергеу қызметінің ең ауыр жүгі – ар алдындағы адалдық. Осындай ауыр жұмыстың жүгін арқалаған тергеушінің әр күні ғана емес, әр сағатының өзі қым-қуыт оқиғамен өріліп жатады.
Тергеу — бұл мамандық қана емес, ол өмір салты. Ол ұйқысыз түндер, демалыс күндері оқиға орындарына шығу және еңбекті көп керек ететін жұмыс, жұмыс көлемі ауқымды, істі сотқа тапсыру мерзімдері шектеулі болуына, тәуліктік ауысымдарға және оқиға орнына шығуына байланысты тергеушілер жұмыста көп уақыт өткізеді. Тергеушіге үлкен жауапкершілік жүктелген, өйткені оның қателігі жазықсыз адамның бостандығын айыруы мүмкін. Тергеушінің жұмыстағы жетістігі – оның жеке қасиеттеріне байланысты. Терең сезімі бар адам — нағыз кәсіпқой бола алады.
Сондықтан барша тергеу саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қылмысқа қарсы күресте шыдамдылық, жанұяларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!
Еске сала кетсек, Қазақстанда тергеу органдарының құрылуы алдын ала тергеу өндірісі құқығының КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 6 сәуірдегі Қаулысымен Ішкі істер министрлігіне қабылдануы деп есептеледі және бұл уақытты ішкі істер органдарында тергеу аппаратының құрылу күні деп есептеу қалыптасқан.
Сонымен бірге, тергеу тарихында тергеудің материалдық-құқықтық қорын бекіту, тергеу қызметкерлерінің штаттық құрамын көбейту бойынша елеулі шаралар қабылданған, процессуалдық тәуелсіздік пен дербестік берілген, бірінші рет облыстардың ІІБ басшыларының орынбасарлары лауазымы енгізілген 1989 жылғы 27 маусымдағы КСРО ІІМ «Ішкі істер органдарының тергеу аппаратының қызметін жетілдіру бойынша кейбір шаралар туралы» бұйрығы маңызды құжат болып табылады.
1995 жылы Қазақстанда алдын ала тергеу органдарының елеулі реформасы жүргізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қазандағы Жарлығымен республикада Мемлекеттік тергеу комитеті құрылды. Ол айтарлықтай күшті, барлық кадрлармен, жедел-іздестіру мүмкіндіктермен және қызметтермен қамтылған ведомство болды. Алайда бұдан кейінгі қоғамға үлкен қауіптілігі жоқ қылмыстарды анықтауға күш пен құралдардың алынуы, осы істер категориясына басым назардың шектен тыс шоғырлануы, сондай-ақ ішкі істер органдарымен өзара әрекеттестіктің болмауы, басқа құқықтық органдармен «бәсекелестіктің» орын алуы құқық қорғау органының тиімді қызметіне теріс әсер етті.