Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Полицейлер интернет-алаяқтардан сақтануға шақырды

Полицейлер интернет-алаяқтардан сақтануға шақырды

Облыс полицейлері киберқылмысқа қарсы іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде. Бұл жолы қоғамдық көлік жолаушыларына қырағылық таныту қажеттігі, ешбір жағдайда және қандай да бір сылтаумен белгісіз адамдарға өзінің және банк карталарының дербес деректерін хабарламау қажеттігі туралы ескертілуде.

Облыс тұрғындарына интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы түсіндірме жұмыстар ыжүргізілуде: банк қызметкерлерінің атынан шабуылдаушылар ақшаны шотқа аударуға көндіреді немесе смартфонға жәбірленушінің ақшасын жымқыратын қосымша орнатуды ұсынады; ал, полиция қызметкерлерінің атынан оларға қылмыс жасаған жақын туысын жауапкершіліктен босату үшін белгілі бір соманы беруді сұрайды; сондай-ақ, әлеуметтік желілерді бұзу арқылы олар сіздің атыңыздан таныстарыңызға шұғыл ақша аударуды өтініп хабарлама жібереді.
Құқық қорғау органдары күдікті нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуді, қажет болған жағдайда банкке қайта қоңырау шалуды ұсынады.
Осы жағдайлардың кез-келгенінде сіз қырағы болуыңыз керек. Егер алданып қалған болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Скимминг – заңды транзакция кезінде несиелік немесе дебеттік карта ақпаратын ұрлау. Скиммер суретшілері қалталы скиммерлерді пайдаланып бейхабар тұтынушылардың несиелік және дебеттік карталарын сканерлеу үшін мейрамханаларда, жанармай құю станцияларында және қонақүйлерде уақытша жұмыс табады.
Деректердің құпиялығының бұзылуы –деректерге қол жеткізуге немесе ашуға рұқсаты жоқ адамдардың жеке ақпаратты (мысалы, жеке әлеуметтік қамсыздандыру нөмірлері, жүргізуші куәлігінің нөмірлері, медициналық жазбалар немесе қаржылық жазбалар мен шот туралы ақпарат) ұрлауы немесе байқаусызда ашуы.
Өзгелер үшін құпия болуы тиіс деректер хакерлердің корпоративтік желіні бұзу нәтижесінде жарияланып кетеді.

Мәселен, таңғы уақытта Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап келді. Оның айтуынша, телефонына белгісіз нөмір хабарласып, «сим картасының» мерзімі өткенін хабарлаған. Оған сенген ер адам, нөмірін жаңарту үшін жіберілген кодты айтқан. Десе де артынша телефонына несие туралы түсініксіз сілтемелер келіп, осы мәселені тексеріп беру үшін бірден полицияға жүгінген.
Бақылап-өткізу бекетінде тұрған полицей Арнұр Шалқар тұрғынның хабарламасы негізінде бірінші кезекте интернет алаяқтығына күмәнданады.
Тексеру кезінде шынында тұрғынның атынан белгісіз біреулер несие алуға әрекет жасап жатқанын көреді. Содан жедел іске кірісіп, тұрғынның ұялы телефонынан «eGov» мобильді қосымшасы арқылы 6 ай мерзімге ерікті түрде несие алудан бас тарту деген бөлігін белгілейді. Нәтижесінде алаяқтық қылмысының алдын алып, тұрғынға жәрдем етеді.
Жоғарыдағы жағдай қызметкердің жедел әрекеті арқасында дер кезінде тоқтатылғанымен, бірер сағаттан кейін полицияға тағы бір тұрғын дәл сондай шағыммен келеді. Алайда тексеру кезінде оның атынан белгісіз біреу 1 миллион теңге несие алып қойғаны белгілі болды. Оның атынан тағы да бірнеше банкке несиеге өтінім тасталғанын байқаған полиция кіші сержанты Арнұр Шалқар, бұл ер адамның да телефонынан несие алудан бас тарту функциясын басып, бұғаттап береді.
Өз кезегінде тұрғындар жас та болса, қолдан келгенінше қолғабыс етіп, қылмыстың алдын алған А.Шалқарға алғыстарын жаудырды.
Қазіргі таңда алаяқтық қылмысы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы орайда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына абай болуды ескертеді!
Егерде сізге белгісіз абоненттік нөмерден бейтаныс тұлға қоңырау шалып өзін Банк немесе Құқық қорғау оргінінің қызметкерімін деп таныстырсып күмәнді банктік операцияларын картаңыздың екі жағындағы сандық нөмерлерін немесе ұялы телефоныңызға келген смс кодты айтыңыз десе ешқандай жағдайда айтпаңыздар!
Бұл интернет алаяқтар.
Жалпы, интернет — алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең танымал құралдардың біріне айналды. Интернет-алаяқтық заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны киберқылмыстың бір түрі деп есептеуге болады.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты — заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.

Интернет технологиялар дамыған сайын интернет алаяқтық түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Ал олардан зардап шегушілер де қомақты қаржысынан айырылып қалып жатыр.
Осы тұста Ордабасы ауданының полицейлері аудан тұрғындарын интернет-алаяқтықтан сақтандыру мақсатында халық көп шоғырланған орындарда ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция қызметкерлері әрдайым интернет алаяқтардан абай болу керектігін ескертеді және қауіпсіздікті сақтау бойынша бірнеше кеңестер беруде.
Бөтен адамның мүлкін жымқыру, теріс жолмен алдау не болмаса заңсыз жеке бастың өзге де мүддесiне орай жымқыру, жою, бүлдiру көшіру бұл алаяқтық болып есептеледі. Жалпы қазіргі қоғамда алдау, сенімге қиянат жасау, біреудің ала жібін аттау, бөтен мүлікті ұрлау кең таралған қылмысқа айналып отыр. Оның ішіндегі қоғамға кері әсерін тигізіп жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі — ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ұялы телефонның әр жағында халықпен интернет арқылы кері байланыс жасап сауда-саттықпен қызмет көрсетіп, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің арқасында күнін көріп жүрген алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеті, әдіс-тәсілдері күнделікті өзгеріп, жаңарып отырады.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы екінші бөлігінің төртінші тармағында интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Аталған қылмыстың құрбаны болудан сақтану жөнінде қанша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, тұрғындар салымдар салу арқылы оңай олжа табу, басқа өңірлерден арзан затқа қол жеткізу мақсатында ақша аударымдарын жасап, алаяқтардың тұзағына іліну фактілері толастамай, үдей түсуде.Бұл фактілердің алдын алу үшін бірінші сақтық танытқан жөн. Сақтансан сақтаймын деген. Адам тек өзің-өзі ғана алаяқтықтан аман алып қала алады. Алаяқтың арбауына берілмей, сергелдеңге түсуден сақтану өз қолыңызда. Сақтан сансақтаймын деген.

Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Интернет алаяқтармен бірге күресейік!

 

 

 

Пікір жазу