Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » «Лудомания» дертіне шалдыққандардың қата­ры көбейді

«Лудомания» дертіне шалдыққандардың қата­ры көбейді

Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Осы ретте Сайрам ауданының тәртіп сақшылары көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында тәулік бойы қызмет етуде. Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жасөспірімдердің түнгі мезгілде жүруі, мүліктің бүлінуі, вандализм, ұсақ бұзақылық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания, құмар ойындарға әуестігі бар тұрғындармен күресу бағытында жұмыс жасауда. Есепте тұрғандармен профилактикалық шара атқаруда.
Айта кететін, әйнегі сынып, төбесі опы­рыл­ған аялдамалар мен қоқыс салғыш­тың сұрықсыз күйін қазір еліміздің кез келген қаласынан кезік­тіруге болады. Тіпті күндіз-түні күзеті­летін нысандардың да орындықтары сынып, жол сіл­тейтін көрсеткіштері мен ескерту тақ­тайшалары бұзақылардың «құрбанына» айнал­ған.
Вандализм көбінесе үрейден, қаттылықтан, қозудан, агрессиядан болады. Яғни қандай да бір бойдағы агрессия ошақтарын қандырушы әрекет ретінде есеп­теледі. Ван­дализмге алып келетін жолдар: онтогенді яғни дұрыс емес тәрбие көзі, гипер немесе гипо байектеу баланы, жағымсыз орта болса, биогенді түрде ол шығу тегі (ішімдікке әуестік, психопатия, психикалық ауытқулары агрессивті түрде) арқылы генетикалық тұрғыда ұшырайды. Алғашқы әрекет немесе айқын агрессивті әрекеттің алдын алу психиканы тұрақтандыру және қорғанудың ең тиімді жолы.

Сонымен қатар, қазір қоғамда жеңіл ақшаға еліріп, «лудомания» дертіне шалдыққандардың қата­ры көбейді. Статистиканы бағдарла­сақ, былтыр елімізде құмар ойындарды ұйым­дастыру және бәс тігу бойын­ша қыз­меттер көлемі 553,6 млрд теңге­ні құ­раған.
Адам жақсы ортадан, әлеуметтік жағдайы тәуір жерден шықса, мұндай проблемаға ұшырамайды деген түсінік бар. Бұл қате пікір, оңай ақшаға құнығу мен керемет әсерге бөленуге деген құмарлық жасына немесе дәрежесіне қарамастан, кез келген адамды шырмап алуы мүмкін. Әрине, ойынқұмарлық дертіне шалдыққандардың көпшілігі түрлі психологиялық ауытқуы бар, патологиялық тәуелділікке бейім адамдар. Сондай-ақ, оны зиянсыз деп санап, жете мән бермейтіндер де аз емес. Шындығында, ойынқұмарлыққа көз жұма қарауға болмайды. Дер кезінде көңіл бөлмесе, лудомания тұлғаның әлеуметтік тұрғыда азғындауына соқтырады.
Сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтауға және жолын кесуге қызмет етуде.

 

 

Пікір жазу